13:48
Уақытыңды басқар

ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ УАҚЫТЫ

Уақыт мәселесі адамның жа мөлшеріне, әлеуметтік жағдайына, жынысына, түр-түсіне қарамастан, барлығына бірдей маңызды. Қай кезеңнің қандай адам болмасын, осы маңыздылықты түсіне алған жағдайда ғана жетістікке жете алған.

«Ер адам таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істейді. Ал әйел адамның жұмысы ешқашан бітпейді».

(Ағылшын мақалы)

Дегенмен бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйел заты осынау жауһардан да құнды уақыт мәселесіне ерекше көңіл бөлуі тиіс. Неге десеңіз, ер адам жұмыстағы уақыты мен бос сәттерін ғана жоспарлауы керек болса, нәзік жандыларға үй тірлігіне арналған уақытын егжей-тегжейлі жоспарлап, барлық ісіне үлгеруі қажет болады.

Әрине, жоғарыда түсіндірілген тайм-менеджмент ережелері әйел адамның да уақытын жоспарлап, тиімді пайдалануына септігін тигізетін құралдар болып саналады. Алайда үйінің отынымен кіріп, күлімен шығатын, қазан-ошақ басында тірлігі басынан асатын отанасының уақытын барынша өнімді пайдалана алуы үшін бірқатар қосымша жайттарға да көңіл бөлгені жөн.

Ең алдымен, әйел кісі бір ісі артық болуы қажеттігін ұғына отырып, ерте тұруды айнымас әдетіне айналдырғаны абзал. Ендігі кезекте іс жүзінде бір ісін артық орындай алуы үшін алаңдатушы факторлардан бойын аулақ салуы қажет. Мұндай факторларға бұған дейін атап өткен уақытты ұрлаушыларды жатқызуға болады. Әсіресе, әйел адамның уақытын көп ұрлайтын артық әңгімелер, қажетсіз телефон қоңыраулары, шамадан тыс хат алмасулар, әлеуметтік желіде отыру, бітпейтін телехикаяларды көру секілді пайдасыз әдеттерді мүмкіндігінше қысқартуды үйрену керек.

Сонымен қатар төмендегідей кеңестерді де тізбектеп өтпекпіз:

  • «2 минут аксиомасы» - орындалуы екі минуттан көп уақыт ала қоймайтын жылдам атқарылатын істерді бірден орындап тастауды әдетке айналдырыңыз. «Ең жақсы іс – уақытында жасалған іс».
  • «5 секунд ережесі» - атқарылуы қажетті ісіңізге бес секунд ішінде бірден кірісіп кетіңіз, әйтпесе ол іс кейінге қалдырыла беретін болады. Ал жұмыс ө-өзін атқармайтынын есіңізде ұстаңыз.
  • Уақыт үнемдеуге қолайлысын таңдаңыз: үй шаруасында, тамаө әзірлегенде өзіңізге ауырлық салмайтын, уақытыңызды тым көп шығындамайтын жолдарды қарастырыңыз. Әзірленуі жеңіл әрі жылдам тағам түрлерін таңдаңыз. Оларды да дәмді етіп ұснуға тырысыңыз. Ал демалыс және мереке күндері көбірек уақыт бөліп арнайы тағам түрлерін жасап үй ішіңізді қуантыңыз.
  • Қарапайымдылықты ұстаныңыз. Перфекционист болудың қажеті жоқ: ісіңізді мүмкіндігінше қажетті дәрежесінде орындасаңыз жеткілікті, мінсіз болуы міндетті емес.
  • Үй шаруасында көмекке келетін заманауи технологияларды тиімді пайдалануды әдетке айналдырыңыз.
  • «Жоқ» деп айтуды және жұмысты үлестіріп беруді үйреніңіз.
  • Қажетсіз жүріс-тұрыстарды азайтыңыз. Ағылшындар «тегін тамақ деген нәрсе жоқ» дейді. Яғни, олардың айтуы бойынша, ең азы уақытыңызбен болса да, барлығының құнын төлеуге тура келеді.
  • Бірнеше істі қатар атқаруды үйреніңіз. Мүмкіндік болған жағдайда және бір-біріне кедергі келтірмейтін болса, бірнеше істі қатар орындау уақытты үнемдеудің ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.
  • «Бүгін істер ісіңді ертеңге қалдырма». Ісіңізді соңғы сәтіне қалдырмаңыз. Істі кейіне қалдыру уақытты ұрлаумен қатар, ол істі бұрынғысынан да қиындата түседі әрі орындауға деген құлшынысыты өлтіреді.

Дініміздің тәлімі бойынша, ер адам үшін ең маңызды жан – анасы, әйел адам үшін – күйеуі болу керек. Сондықтан тұрмыстағы әйел адам өмірлік жарының разылығын алу жолында аянбай тер төгіп, уақытын арнап, барлық ісіне үлгеруге тырысуы қажет. Осы тұрғыдан да маңызы зор болғандықтан, өзіне көңіл бөлуге де уақыт арнағаны жөн. 

 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

 

Просмотров: 163 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: