18:45
Уақытыңды басқар

ДҰРЫС ЕМЕС ҰЙҚЫ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯНДЫ

Әлеуметтік жағдайы орташа және кедейлікте ғұмыр кешіп жүрген жандар өз-өздеріне қиянат жасауда. Олар ұзақ уақыт жұмыс істегенімен қоймай, кешқұрым үйіне оралғанда 5-7 сағаттап теледидардың алдында телміріп отырады. Көздері көк жәшікке қараудан шаршағанда ғана ұйқыға жатып, 5-6 сағат қана демалады, одан кейін тұра салып қайтадан теледидар қосады.

Толыққанды демалмағандықтан, олар жұмыста уақытын босқа өткізеді жәе ұйықтап қалмау үшін құрамы кофеинге толы кофе мен энергетикалық сусындарға жүгінеді. Ағзасына қосымша қуат қажет болғандықтан, адамдар шамадан тыс тамақтанатын болады.

Орта сыныптағы адамдар бар күшін салып сирек жұмыс атқарады және өз мүмкіндіктерін толық пайдаланбайды. Себебі олар оған жетпей шаршап қала береді.

Ұйқының тиімділігі үшін:

  • Ұйқының бір қалыптылығы. Күнділікті бір уақытта ұйқыға жатып, бір уақытта ояну. Адам ағзасы осылай бір қалыпты әрекет етуге дағдыланып, ұйқыға кету мен ояну оңай болады.
  • Ұйқының ұзақтығының оңтайлылығы. Өзіңіз үшін ең дұрыс ұйқы ұзақтығын белгілеп алыңыз.
  • Ұйықтауға ыңғайлану. Тезірек ұйқыға кететін жолдарды қарастырыңыз.
  • Дұрыс ояну. Ұйқыдан ояну үдерісін жүйелеу қажет: мысалы, әртүрлі қоңыраулар қою арқылы.
 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

 

Просмотров: 206 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: