21:11 Уақытыңды басқар | |||
ҚАЙЛУЛӘ ҰЙҚЫСЫ Күндіз Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұйықтап алатындығын бұған дейін айтып өттік. Қайлулә – күн тал түстен ауысқан шақ. Қайлулә ұйқысының пайдасы мен мөлшері жайында төмендегі тұжырым бірқатар мәлімет береді: «Бұл ұйқы (қайлулә( әрі өмірді, әрі ризықты берекелі етуге себеп болады. Себебі жарты сағат қайлулә ұйқысы екі сағаттық түнгі ұйқыға пара-пар. Демек, адам өміріне күн сайын бір жарым сағат уақыт қосып отыр. Әрі өлімнің кіші бауыры атанған ұйқыдан бір жарым сағат ұрлап алып, ризық-несібе табу үшін жұмыс істейтін уақытына қосып беріп отыр». Алла елшісінің мына бір хадисінен бұл ұйқының тағы бір маңызы мен қажеттілігін байқаймыз: «Ораза ұстау үшін сәресіден қуат алыңдар. Ал тәһәжжуд намазына тұру үшін түскі ұйқыдан күш алыңдар (қайлулә)». Сонымен қатар ғалымдар басқа да аяттарға назар аудара отырып, қайлуләны тек қана ұйқы ретінде түсінбеу керектігін де атап өткен: «адам ұйықтамаса да, күндізгі ыстық шегіне жеткен уақытта, күннің тас төбеден ауған шағында бір ауық тынығу қайлулә болып саналады». жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |