08:49 Уақытыңды басқар | |||
ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫНА АРНАЛҒАН УАҚЫТ Мүлгіген тыныштықта жалғыз өзіңіз өткізетін уақыт сіздің өміріңізде маңызды орын алады. Бұл ерекше кезеңді рухани дамуға, Жаратқан мен жаратылыс жайлы ой жүгіртуге арнау қажет. Мұндай кезеңдердің тұрақты түрде өміріңізде орын алуының көмегімен сіз өз өміріңізді түбегейлі өзгерте аласыз. Қай заманда болмасын, адам баласының ең үлкен мұраты жан тыыныштығына қол жеткізу болатын. Барлық діндердің басты мақсаты адамдарға жол көрсету арқылы рухани тыныштық пен бақыттың шыңына шығуға жағдай жасауға келіп тіреледі. Дәл сол секілді саф алтындай таза болған ата дініміз де адам рухының осы қажеттілігіне баса мән береді. Тіпті құлшылықтар соған негізделген десе де болады. Құлшылық ету арқылы Алламен оңаша қалып, оған жақындай түсіп, рух өз қалауына жетіп, жүрек орнығып, көңіл жай тауып, жан тынышталмақ. «Жүректер Алланы еске алу арқылы ғана жай тауып, тыныштыққа бөленеді». «Рағд» сүресі, 28-аят Пайғамбарымыздың тек қана Алламен байланысқа арнаған уақыты болатын. Пайғамбарлыққа дейін де Хира үңгіріне барып, оңашаланып, Жаратқанмен байланыс құратын болған. Пайғамбарлықтан кейін өзіне міндет болған түнгі ғибадат уақытында барлығы ұйқыда болған мүлгіген тыныштық кезеңде Алла Тағалаға құлшылығын жасап, дұғасын айтып жалбарынып, байланыстың жібін мықтай түскен. «Әрбір ақылы толысқан жанның уақытының біршама бөлігін Раббысымен тілдесуге арнауы міндетті». (хадис) Тақуа әрі ғалым әйелдерден болған Рабия адауия түнгі құлшылыққа тұрып, Жаратқанға былай деп тіл қататын: «Барлық жан баласы өзінің сүйіктісінің жанында тәтті ұйқыда жатыр. Ал мен өзімнің сүйіктім болған Саған келдім, Сенімен оңаша болуды қаладым». Осылайша Алламен байланысқа уақытын арнап, жан тыныштығына кенелетін. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |