17:51 Уақытыңды басқар | |||
МҮБӘРАК КҮНДЕР мен ТҮНДЕР Арафа және Тәурия күндері Құрбан айттан бір күн бұрынғы күн «арафа күні», ал оның алдындағы күн «Тәурия күні» деп аталады. Қажылық жасаушылардан басқалар үшін Тәурия және Арафа күндері ораза ұстау ұнамды амал болып саналады. Жалпы Алла елшісі (с.а.с.) зулхижжа айының лғашқы он күнін толықтай оразамен өткізетін болған. Арафа күні таң намазынан бастап Құрбан айттың төртінші күні екінті намазына дейінгі 23 намазда еркек-әйел ьарлық адам парыз намаздардан кейін сәлем бере салып уәжіп болған тәшриқ тәкбірін оқуы керек: «Аллаһу әкбәр, Аллаһу әкбәр. Лә иләһә иллаллаһу уалаһу әкбәр. Аллһу әкбәр уә лилләһил-хамд». Арафа күні қажылық жасаушылардың Арафатта тұрып дұға ететін күні болғандықтан, одан тыс барша мұсылмандар үшін де дұға қабыл болатын ерекше күн болып саналады. Бір хадисте Алла елшісі (с.а.с.) осыны жеткізеді: «Дұғаның қадірлісі – Арафа күні жасалған дұға». Сондай-ақ, кешірім тілеген адамдардың кешірімге ие болып, азаптан құтылатын күні ретінде де ерекшелене түседі: «Арафа күні тозақтан көп құл құтылатыны соншалықты – басқа күндерде мұншама құл құтыла алмайды». «Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік. Қадір түні не екенін білесің бе, (Алла білдірмесе) қайдан білесің? Қадір түні мың айдан да артық. Ол түні періштелер мен Рух Раббыларының рұқсатымен әртүрлі іс атқару үшін лек-легімен түскен үстіне түсе береді. (Әсіресе риясыз құлшылықпен өткізгендер үшін) ол түн таң бозарып атқанға дейін мейірім мен есендік түні болмақ». (Қадір сүресі) жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |