00:34
Уақытыңды басқар

МҮБӘРАК КҮНДЕР мен ТҮНДЕР

Миғраж түні

Алланың швқыруы бойынша Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні түнде Меккедегі Харам мешітінен Құдыстағы Ақса мешітіне сапар шегіп, ол жерден Жәбірейілмен бірге көкке көтеріліп, «Сидратул-мунтәһа» деп аталатын жерге дейін көтеріледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл жерден ары қарай өзі барып, арада ешқандай дәнекерсіз және бізге беймәлім түрде Алламен кездесіп тілдескен.

Бұл қасиетті сапардың Меккеден Құдысқа дейінгі бөлігі Исра, Құдыстан басталатын қалған бөлігі Миғраж деп аталады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бес уақыт намазды үмбетіне Миғраж тартуы ретінде әкелген.

Миғраж оқиғасы – Пайғамбарымыздың ең үлкен мұғжизаларының бірі. Һижреттен бір жарым жыл бұрын ережеп айының 27-түнінде болған.

Бұл түн осынау ерекше тарихымен қасиетті саналады. Бұл түнді құлшылықпен өткізіп, ертесі күні ораза ұстаған сауапты іс болып табылады.       

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 272 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: