15:16 Уақытыңды басқар | |||
МҮБӘРАК КҮНДЕР мен ТҮНДЕР Рағайып түні Рухани жағынан алғанда ережеп, шағбан, рамазан айлары басқа айларға қарағанда бір төбе жоғары, берекелі айлар болып табылады. Ережеп айы келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп дұға ететін: «Уа, Алла! Ережеп пен шағбан айларын бізе мүбәрак қылып, рамазан айына аман-есен жеткізе гөр». Ережеп айының алғашқы жұма түні «Рағайып түні» деп аталады. Бұл түн – Алла Тағаланың мейірімі түскен, кешіретін және дұғаларды қабыл ететін түн. Бұған дейін келтірілген бес түн жайлы айтылған хадисте де осы түн ерекшеленіп аталып өтіледі. Бұл түні Алла Елшісінің кейбір берекетке ие болып, шүкір қылып, намаз оқығаны туралы хабарлар бар. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |