22:43
Тіл біл

ЖАПОН ТІЛІ

Жапон тілі – ол өмірінде танысқан, орыс тілінен кейінгі екінші шет тілі. Бала күндерінде жапон мультфильмдерінің әсерінен сол тілді игеруге деген қызығушылық оянған еді. Полиглоттар айтады, адам қандай да бір тілді естігенде, әуелі оның дыбысталуын ұнатады. Бәлкім, жапон тілінің де дыбысталуы бала көңілдеріне ұнап, соны үйренсек деген тілек білдірді. Алайда ол уақытта жапон тілі курстары деген атымен жоқ. Сонда да анасы Ресейден тапсырыс беріп, жапон тілінің сөздігін, үйренуге арналған құралдарын алдырып, оған үлкен сый жасаған болатын. Осылайша қолына Джон Бриннің «Японский за три месяца» деген кітабы мен «Восток-Запад» баспасының «Русско-японский разговорник» атты құралы түскен болатын. Оның жанында «Катакана» және «Хирагана» әлппелерін жазуды үйрететін дәптерлері келді.

Жапон тілімен қарым-қатынасы қолында бар құралдарды жаттаумен шектелді. Өсе келе, ол бала кезде сүйіп көрген жапон анимесі (Аниме – жапон мультфильмдері, бүгінде жеке-дара мәдениет реінде дамыған, өз ерекшеліктері бар бағыт) дүниетанымына, өмірлік ұстанымдарына қайшы келе бастады. Жалпы сол мультфильмдердің теріс әсері түрлі ғылыми зерттеулермен дәлелденгенін көрді.

Балаға күнде кәмпит, чипсы сынды нәрселер бере берсең, ол оны көбірек сұрай бастайды. Сосын балаға кәдімгі ботқа дәмсіз боп қалады. Анименің әсері де сол секілді екен. Жарық, қызықты, түрлі эффектіге толы, фантастикалық сюжеттерді көре берген соң, бала өзінің айналасындағы өмірге көңілі қанбайды. Қайта-қайта сол анименің ішіне кіріп, сол жақта жоғалғысы келеді. аниме аяқталып, өз өміріне оралса көңілі түседі, апатия басады, өзін бөтен сезінеді...

Жапон тілі бүгін оған ұнайтын тілдердің қатарында. Олардың өзгеге ұқсамайтын даму жолы бар. әр халықтан тек позитивті, керекті тұстарын ала білу керекпіз деп ойлайды. Кезіндегі Алаш зиялылары да жапондардың даму үлгісін алуды көздеген болатын. Мәселен, Алашорданың белді мүшесі Халел Досмұхамедтің: «Сенен басқа ондаған, тіпті жүздеген қазақтың баласы жоғары білім алып жатқанын ойласаң, бұл халық та еңбекке, дамуға қабілетті екенін, бәлкім болашақта әлемдегі өзінің орнын ойып тұрып алатын екінші Жапония бола алады дегенге көз жеткізесің», - деген сөзін білеміз. Бұдан сол кездегі біздің интеллигенцияның идеалы Жапония болғанын аңғара аламыз.

Әлем кезіп, түрлі тілдер үйренсек те, ең әуелі өзіміздің қазақы болмысымыздан, табиғатымыздан айнымау керекпіз деп қорытындылайды. Өзінде ештеңесі жоқ, адам ғана өзгенікін толықтай қабылдайды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: