23:34
Тіл біл

КОРЕЙ ТІЛІ

Корей әліппесі «Хангыль» деп аталады. Оның тарихы Седжонг (Король Седжонг – Чосон әулетінің 4-билеушісі /1418-1450/, корей тарихында елеулі із қалдырған билеушілері) деп аталатын билеушілерінің ғасырына оралады. 1446 жылға дейін корей халқы қытай иероглифтерін пайдаланған, ал ол иероглифтердің өте қиын екенін жақсы білеміз. Сол себепті көп корейліктер өте сауатсыз болған. Осы мәселені реттеу мақсатында да Седжонг тұсында хангыль әліппесін құрап шығады. Әліппені зерттеуге кіріскенде пәлсапасы оны қызықтырды. Дауысты дыбыстардың 3 негізгі формасы «аспан», «жер», «адам» символын береді. Шынында, қисынға салып, белгілі бір кейіптерге қойып, корей әліппесін аз уақыттың ішінде игеріп алды. Король Седжонгтың өз сөзі бар: «Ақылды адам хангыльді бір таңда игереді, ал енді ақымақ адамның өзі 10 күнге жетпей үйреніп алады».

Әліппені үйренген соң, біртіндеп сөздер жаттап бастады. Өзге шығыс тілдерін білетін адам ретінде, көптеген қызық сөздерге кезікті. Ойлана келе, бүкіл тілдердің түп-тамыры бір негізгі тілге, яғни Адам атамыз бен Хауа анамыз сөйлеген тілге оралады деп пайымдады. себебі ешқандай байланысы болуы мүмкін емес көрінген Қиыр Шығыс пен Таяу Шығыс тілдері арасында ұқсас тұстары кеп қалады. Мәселен, корей тілінде «ана» сөзі «o-mo-ni» болады, оны корейліктер қысқартып «om-ma» дейді. Ол арабшадағы «ummun» сөзіне ұқсайды. Кәрісше «әке» сөзі «a-bo-ji» болады, ал арабшада «abun». Әрине, бұл жай ғана оның ұқсатулары болуы мүмкін, алайда еш негізсіз де емес.

Бүгінде корей тілінде оқи алуының өзі біреулер үшін үлкен бір жетістік. Күнделікті зерттеу жұмыстарында, диссертация жазуында корей тілін кең қолданбағандықтан, жоғары деңгейге дейін оқымады. Алайда келіншегі оған қарағанда едәуір жақсы сөйлейді. Тілдер әлемі – өте бір ғажап сапар шектіреді. Ол үшін үйрену процесінің өзі ләззат сыйлайтындай болу керек. Көпшілік адам корей тіліне жұмсақ күш әсерінен (корей дорамаларын) қызықса, ол зерттеуші ретінде қызықты дей алады. Қазақстанның Этноспорт қауымдастығында қызметте жүргенде қолына еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев туралы Оңтүстік Корея елшілігінің корей тілінде шығарған кітабы түскен болатын. Кітап сөресінде ақысы өтелмей тұрғандықтан болар, тағдыры тап осы тілмен табыстырды. Тынысы үзілмеді, демек, әлі сапары аяқталмады... Әр оқыған сөзден пайда аласыздар деп сенеді.  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: