09:30
Тіл біл

КОРЕЙ ТІЛІ

Корей тілін тану сапарын 2022 жылы қаңтар айында бастады. Бастауға түрткі болған отбасы ішіндегі жарасым мәселесі еді. Келіншегі ертеден корей мәдениетін зерттеп, тіліне қызығушылық танытатын. Ол да сол қызығушылығын қолдап, «Ендеше, бірге үйренейік» деген ұсыныс білдірді. Отбасылық өмірде осы сынды қадамдардың үлкен маңызға ие екенін жете түсінді. Әйел адам өзін түгелдей күйеуіне арнап тұрмыс құрады, соның жағдайын жасайды, кейіннен бабалы болғанда әйелдік қызметтері тек көбейе береді. Солайша бойындағы ашылмаған қабілеттер қала беруі мүмкін. Ол өзі қыз баланың көзі ашық, көкірегі ояу болғанын құп көреді. «Егер де ер адамға білім берсең, сен тек ер адамға білім бердің, егер де әйел адамға білім берсең, ұрпаққа білім берген боласың», - дейді Африка мақалы. Келіншегінің қызығушылығын қолдаудың артында осындай таным жатты. Жалпы білімге ұмтылатын, сөз қадірін білетін адамның жаныңда болуы өте маңызды. Әсіресе айтары бар, білім жолындағы кісілер, білімге қызығушылығы бар адамды жар еткені дұрыс болар. Кезінде Жүсіпбек бабамыздың «Қатынмен әңгіме бітті» деген жазбасын оқып едік қой. Мағжан бабамыз да өз өлең жолдарында әйелі туралы келтіреді:

Көзінде көк нұры жоқ,

Аузында жұмақ жыры жоқ,

Жалынсыз, усыз құшағы,

Иірілмейді жыландай,

Сөзі де жоқ құрандай,

Білгені – қазан-ошағы.

Жабайы ғана жарым бар,

Неге екенін білмеймін –

Сол жарымды сүйемін!

Ілгеріде алаш зиялыларының өмірлік жарын оқыған, сауатты өзге ұлттардан алуының да бір себебі сол болатын. Бүгінде қазақ қыздары да білім алуға қабілетті, қауқарлы. Аллаға шүкір, өздерін сан салада көрсетуде. Салынып «карьеристка» болғанын құп көрмейді, әрине. Аяулы жар болу үшін ілімге ұмтылғанын құптайды. Ол үшін ер азаматтар да білімді болмақ керек. Екі тұлғаның сана көкжиегінде, білім биіктігінде жолығып бас қосуы қандай көркем!

Шейх Мұхаммад Садық Мұхаммад Юсуфтың (Алла рахымына алсын) мысалы есіне түсті. Ол кісінің әйелі ешқандай Уммуль-Қуро бітірмеген, мықты университет тауыспаған. Алайда, өз күйеуінің өмірлік мектебінің тәлім алушысы болған. Өмір бойы күйеуін «Ұстазым» деп өткен екен. Қандай да бір мәселелермен әйелдер қауымы шейхқа келсе, бәрінің сұрағына шейхтің әйелі толыққанды жауап беріп, қанағаттандырып жібереді екен. Олар үлгі тұтып, ұмтылатын отбасы формасы осылай деген болар еді.

Стамбулда оқуда жүргенде, келіншегі түрік тілі курсына қатысып, тілдер үйрену қабілетін шыңдай түсті. Сол себепті корей тілін үйренуге жүйелі жоспар құрды да, өздеріне 2 айлық челлендж жариялады. 2 айдан кейін нәтижелері қандай болады, қай жерге дейін жете алатындарын байқап көрмекке бел буды. Мақсаттары 0-ден бастап, әліппесімен қоса үйрену еді. Сондықтан корей әріптерінен бастады. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: