09:11
Тіл біл

ПАРСЫ ТІЛІ

Ақырын ғана жауып тұрған жаңбырдың астында Самарқандтың ұзын сонар көшелеріменен жаяулатып орталық жол бойына шықты. Такси тоқтатып «истгох/автовокзале маркази» деп Бұқараға бет алмақ ниетте жиналды.

Осы сапардағы өзіне ең ұнамды болған сәттеріне де кеп жетті. Самарқандтан Бұқараға қарай жаңбырлы күні көлікпен шықты. Терезеге басыңды қойып, өзіңнің еліңнен бара-бара жырақтап кетіп бара жатқаныңды ойлаудың өзі өзгеше бір әсер береді. Алланың қалауымен түнделетіп Бұқара шаһарына жетті. Қайдан қайда бару керек екенін білмейді, «Медресе қайда, сонда апарсаңыз» дедік такси жүргізушісіне.

Атақты Мири Араб медресесінің алдында тұр. Оң жақ бетте үлкен мешіт. Сол мешітте кезінде Имам Бұхари құтпа айтқан деседі, Ибн Сина бір мәселенің шешімін таппағанда михрабтың тұсында тұрып екі рәкағат намаз оқып, сол медициналық мәселенің шешімін Алладан сұрайды екен.

Әлі жажатын жерлері жоқ. Бұқараға жеткізген Аллаға мадақтар болсын, басқасының бір мәнісі болар деп жүр. Сөйтіп тұрғанда медресенің бұрышынан бір адамның қарасы көрінді. Бұқара туралы олардың миларындағы көрініс: «Қазір бізді медресенің ішіне шақырады. Жылы жай береді. Ішін аралатады».

Барып-барып арабша сөйледі. Екінші курс студенті екен. Тілі жақсы шығып қалған. Оларға түнейтін жер керек екендігін айтты. «Жақын маңда өзіміздің мұсылман ағамыз – Хасан әкә бар. алдамайды. Басқа меһмонхоналарда қымбат баға айтады. Сол жаққа апарайын», - деді. Қуана-қуана соңынан ердік. Бұқараның тар көшелерімен жүріп өтті. Әлсін-әлсін ғана жанып тұрған бұрыш-бұрыштағы сарғыш жарықтар. Хасан әкәның меһмонхонасына келді бір уақытта. Әлгі бауырлары оларды табыстады да, өзі кері қарай жүріп кетті. Мұсылмандық әдеп деген қандай көркем. Жолаушы болып кезіккен адамды керек жеріне жеткізіп, соның алғысын алып қалуға ұмтылу.

Хасан әкәның меһмонхонасына емес, үйіне қонақтайтын болды. Залының төрінен төсек жайғастырып берді. Жылы еденде, өз үйлерінде жатқандай сезімде болды. Сол үйдегі жеңгей шай әзірлеп, жұмыртқа қуырып берген болатын. Хасан әкәның өзі тегін адам емес екен. Сөресінде 200 жыл бұрынғы Құран мусхафы бар екен. Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуфтың (Алла рахымына алсын) өзбек тіліндегі еңбектері көзге түсті.

Таң ата Хасан әкә баршасын тұрғызды. Таңғы суықпен жылы төсекті тастап, жылымық сумен дәреттенді де, көшеге қарай шықты. Дала тас қараңғы. Бұқараның орта ғасыр сипатындағы көшелері. Хасан әкәның соңынан еруде. Көрші-көрші үйлерден өзбек шапан киген адамдар топ-тобымен шығып, қатарларына қосылуда. Бәрінің сөзі: «ассалаумағамлейкум».

Көшеден көшеге өтіп мешітке келді. Имам Бұхаридың туған мәхәлләсі (Мәхәллә – арабшадан аудан, аймақ). Сол жерге мешіт тұрғызған екен (ескі мешіт). Әлгі жерде ешқандай бөлініс жоқ. Баршасы мұсылман. Сәл өзгеше киінген (дәстүрлі емес) оларға ел-жұрт қарауда. Таң намазында иық тірестіріп баршасы бірге Раббыларына бас иді. Тасбих, тіләуәттан (Тіләуәт – намаздан кейінгі Құран аяттарының оқылуы) кейін Хасан әкә мешіт имамымен таныстырды. «Қазақстаннан келген саяхатшылар, сіздің тіліңізді біледі» деді. Сонда имам – Бұқаралық араб тайпасынан (руынан) екен. Яғни, өзінің ата тегін араб дейді. Әлгі жерде араб тілінде сөйлесті...

Бір уақытта мешіт имамы «Тойға барамыз» деді де, қолынан жетектеп далаға алып шықты. Хасан әкә да олармен бірге жүрді. Имекең сол жердегі жігіттерді ұйымдастырды да 4-5 көлікке отырды. Кәдімгі бұқаралық тойға таңның шапағымен кіріп келді. Той егелері тойхананың алдында қонақтарды қарсы алып тұр. Туыстары секілді баршасымен амандасты да ішке кірді. Имекең оларды «Мейман, қонақтарымыз» деп елге таныстыруда. Дастарқанға өтпес бұрын зімбір шайын берді бір кесе. Таңғы палау асқазанға салмақ салмасы үшін солай жасайды екен. Тойхананың төріне, ақсақалдардың жанына жайғастырды. Бір күн бұрын Бұқарада дала кезіп жүрген олар келесі күні жергілікті тойдың төрінде отыр. Алланың әмірі! Далада қаңтар айы болса да, олар Бұқарада қауын мен жүзім жеп отыр.

Таңғы астарын осылайша Алла Тағала берді. Қазақстаннан келген пенделерін тамақтандыру үшін Бұқаралық пенделерін сол істе пайдаланды. Баршамызды Алла Тағала сондай игі жолдарда пайдалансын!

Ас ішіп болғаннан соң имекең оған «Дұға етіңіз!» деді. «Ақсақалдардың ортасында отырып біздің дұға еткеніміз әбес болар» десек, «Жоқ, сіздер сапардасыздар. Сапардағының дұғасы қабыл» деп асқа дұға бергізді. Арабша сауатты бір дұға беріп, Бұқара қарияларының ризашылығын алды Алланың қалауымен.

Шіркін, дүниені кезе берсең, Алланың түрлі нығметтеріне тап боласың. Өмірімізде ерекше естелік боп қалған кездермен осылайша бөліскенді жөн көрді. Пайдалы тұстары болса, өздеріңізге ала жатарсыздар.  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 20 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: