10:17 Тіл біл | |
ТҮРІК ТІЛІ Өткен мың жарым жылдық тарихта – «түрік», «Түрік қағанаты», кейінгі бес ғасырда аралары ажырап, әрқайсысы өз дербестігін тапқан қауым жұрттың ортақ атауы – «түрік халықтары». Егер Осман империясындағы жұртшылық өздерінің арғы бабаларының есімін сақтап қалса (шын мәнісінде алғашқы президент мұстафа Кемал қалпына келтірсе), бұл – тек қана сүйінішті жағдай, ұлттық сананың биік көрінісі, ал «түрік халықтары» дейтін анықтама – сені түркиямен қосақтап, Ресей сияқты басыбайлы құлға айналдырып жібермейді. азып-тозудың ең сұмдық белгісі - ат–-анаңнан безу керек, түп тамырын теріске шығарған, туған халқының ежелгі атауынан жеріп, арғы тарихтағы ұлы империясының есіміне дейін өзгерткен ғаламатты қалай бағалауға болады№ тексіздік, ұлтсыздық деп қазбаламай, ең жеңіл, бергі себебін айтайық – қара танмаған сауатсыздық аталады. Мақала соңы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бакалаврда білім алып жүргенінде активистер қатарына сан мәрте шақырту алса да, дәйім теріс жауап қайырып, ұсыныстарынан бас тартатын. Ондағы негізгі мотиві – білім алуға кедергі келтіретіндігі болатын. Сол себепті де студент іні-қарындастарға кеңес бергенде, алғашқы жылдары тек сабақ оқумен айналысу қажеттігін жете айта жүреді. Әрине, оның пікірі соңғы инстанция емес, әркімнің өзінің сара жолы бар. дей тұрғанмен, өзі үшін жасаған ең дұрыс шешімдердің бірі сол деп біледі. Тәжірибеден өткерген, жүріп өткен жолын өзгелерге де үлгі болсын деген ниетте бөлісуді жөн деп тапқан. Шындап келгенде, бакалавр шағында уақытын қатты қызғанды. Бос нәрсеге беріп қоюға деген қызғаныш. Сол бір қайрат, жастық күш қайта оралып келместей, барынша өзін ізденіс пен дамуға арнап, асқан ыждағатпен оқуға тырысты. Жанында сол уақытта бірге болған аға-бауырлардың бәрі дерлік сөзін растай алады. Сонымен қатар білім алқалары, түрлі тұлғалармен кездесулер, білімін шындайтын тәжірибелерден қалмауға тырысатын. Олардың Шығыстану кафедрасынан бөлек, факультеттерінде Түркітану кафедрасы болатын. Олардың негізгі зерттеу аймағы – Түркия және өзге де түрік елдері, халықтары. Туыстас мамандық. Кей кездері факультет аясында ортақ сабақтары да болатын. Сол себепті білім жолында көптеген түркітанушы дос, аға-бауырлары да болды. Алғашқы курстарда жастық максималистікпен, сабақты қатты оқып жүрмін деген иллюзия себепті, өзін өзгелерден артық білетін адам ретінде санайтын. «араб тілін игерудемін, маған сол жетеді. Басқа тілдерді оқитындар уақыттарын босқа құртып жүрген жандар» деген сынды жаңылыс пікірлерді де ұстанды. Алайда уақыт өте келе шетелдерге сапарлар жасап, көкжиегін кеңейтіп, түрлі адамдармен танысып, өзінің тар ойлау қапасынан шығып, жаңа тыныс ала бастады. 2018 жылы Алланың шақыртуымен Мекке мен Медине қалаларына рухани саяхат жасап, кіші қажылық рәсімін орындаған болатын. Сол сапардан «Hac ve Umre» аты түрік тіліндегі кітап, кездейсоқ жолмен оның қазыналарының қатарынан табылды. Олардың топқа жетекшілік танытқан, гид қызметін атқарған ағасының кітабы жанындағы досында қалып кетіп, кейіннен кітап егесі өзі хабарласып, сол қалып кеткен кітапты сыйлық ретінде бере салғаны бар. «Hac ve Umre» кітаптарының ішіндегі алғашқы түрік тіліндегі кітап болды. Қазақстанға келген соң сөреде құр тұрғанын көріп, хаққысын өтеу үшін беттерін парақтап қоятын. Хадистердің арабшасы жазылады, астында түрікше аудармасы болады. Тілін сындырып, оқып көруге тырысады. Кереметтей оқи алмады. Алайда ықыласы ашылып, қызығушылық ояна бастады. Өзінше бір әдемі көрінеді. Оқи алып жатқандай сезімге енеді... (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
