22:54
Тіл біл

ТҮРІК ТІЛІ

Қайтадан ту көтерген Алаш мемлекетінің гимні: «Арғы атам – ер түрік, - Біз қазақ еліміз!» - деп жариялаған. Бұдан соң: «Ежелден ер түрік, - оқ тескен етіміз, - қасқарып, қайтпаған, - Еш жаудан бетіміз!..» - деп шалқиды. Алаш ардагері Әлихан бөкейхан қашанда: «Біздің түрік текті қазақ халқы...» - деп жазады. Аз-мұз кейінірек мұстафа Шоқай бауырлас, туыстас бүткіл «түрік халқына» жар салады, оның ішінде жігерлі, жаңашыл «түрік жастарына» ұран тастайды. Осы екі аралықтағы Сұлтанмахмұт туған жұрты, оның өткендегі тарихы мен өз тұсындағы ахуалын салғастыра келе: «Бұлардың түрік еді арғы заты, - әлемді тітіреткен салтанаты, - Бүгінде азып, тозып, күлкі болған, - Бұлар да сол түріктің жұрағаты!» - деп күйінген – жүз жыл өтсе де, әуелгі күшінде тұрған лепес.

Қайткенде де – түрік, түрік және түрік халықтары! Тек біз ғана емес. Ресей шегінде отарлық күн кешкен бұлғар (қазан татарлары) мен башқұрт және Қырым түбегін, Қапқаздың қырқасы мен қаптал етегін қоныстанған ағайындар, тіпті шыбаш пен сақа-якутке дейін түгелдей ежелгі «түрік» негізіне ден қойыпты. Ал Бірінші Жиһан соғысынан соң Ежелгі Осман империясының түпкі қонысында қайта құрылған мемлекет – Ататүріктің басшылық-нұсқауымен «түркие», «түрк жумһуриеті», яғни Түрік Республикасы деп ресми түрде атала бастаған.

Енді Ресей империясы шегінде коммунистік қызыл орыс өкімі біржола орныққан кезде, дағдылы «түрік» этнонимі екі тармаққа ажыратылады: Анадолы түрігі – «турок», «турки», ал қалған барлық түрік қауымының атауы – «тюрки», «тюркские народы» болып өзгертілді. Бұл жіктелу – 1926 жылы Бакуден өткерілген, тілге, мәдениетке қатысты көптеген мәселелер оңымен шешіліп, латын жазуына жаппай көшу туралы қарар қабылданған айтулы оқиға – «Бүкілодақтық Бірінші Түркология құрылтайында» («Первый Всесоюзный Тюркологический съезд») ресми түрде қабылданған болатын. Әлбетте, жоғарғы өкімет нұсқауы әрі дәл осы кезде айырым елеусіз көрінген, өйткені, осы «тюрк» халықтарының барлығының өз тілдерінде аталу да, жазылу да бірегей – «турк», «түрік» болып қала бермек. Және дәп солай жалғасты. Біздің қазақ ғылымында да, шамамен 1970 жылдарға дейні «түрік халықтары» деп жазылып келді, ал өткен тарихтағы ұлы мемлекет ешбір бұрмасыз, «түрік қағанаты» аталды. Алайда кеңестік орыс саясатында «Пантүркизм» дейтін үрейлі ұғым бар, бірте-бірте қазақтағы «түрік алықтары» түп негізінен аулақтап, «түркі халықтарына» айнала бастады. Ақыры, міне, әлі де бұғаулы бастың саясаттан тысқары ерікті ауыз заманында, манағы жасанды «тюрк» жобасымен, ежелгі «түрік» этнонимі түлде қатардан шығарылған екен: «түрік» этнонимі мүлде қатардан шығарылған екен, «түрік» - ол түркия халықна ғана тиесілі, ал қалған жұрт, оның ішінде қазақ та «түркі» болғаны мақұл. Осы ораймен жалбағай жазармандар Ежелгі Ұлы Түрік қағанатының бар тарихта тұрған, әлі де теріске бұзылмаған өзіндік атауына дейін өзгертіп теріске бұзылмаған өзіндік атауына дейін өзгертіп салды: «Түркі қағанаты». Даналықтың ерекше үлгісі. Шындығында, бұрнағы, қағанат аталған мемлекет бүгінгі Түрік Республикасынан шалғай, алыс бір қиырда жатыр ғой. «Түрік» деп танылуы қисынсыз, қағанаты ағымдағы баспасөз бетінен озып, бірте-бірте қазіргі тарихшыларымыздың «ғылыми» еңбектеріне көше бастапты.

Есебі, осындай қисық пен қыңыр бар тарапта қатарға қосылды, ежелгі тарихи атауды ығыстырып шығарды деген сөз. Енді қараңыз. Бұған дейін айтылғандай. «Қазықа хандығы», «Қызақ ордасы» деген жаңаша тоқтау мүмкін бе? Мүмкін екен. Түрік қағанатын «Түрік қағанаты» деп отырмыз ғой. Айырымы қанша жоқ, мұндай бұралқы атаулар осы қалпында қалуға тиіс емес. Ерте ме, кеш пе, түзетілуі шарт.  (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: