09:28 Тіл біл | |
АҒЫЛШЫН ТІЛІ Сабақ беруді өзім үйретемін деп, кешке дейін офисте қалып, бастан-аяқ оны үйрете бастады. Расында үлкен алғыс білдіргісі келетін жандардың бірі – сол кісі. Бірнеше күн интенсивті тернингтен алғашқы мұғалімдік рөлі басталды. Біріші сабақтан кейін-ақ саморефлексия болып, атмосфераны сезіп алды. Сабақ берудің тәсілдерін біраз зерттеді. Іақыт өткен сайын шәкірттер қатары көбейді, Аллаға шүкір. Үлкені бар, кішісі бар оның ішінде ел ағалары да болды. Жалпы мынау «приоритет» деген ұғым бар ғой. Вот, сол приориттерді дұрыс таңдай білу керек секілді. Саясат Нұрбек аға: «Вкладывайтесь в собственную приспособляемость» дейді. Яғни, бейімділікке жұмыс жасау керек деген бүгінде. Студенттік шақта жүріп олжалаған бір сөз жаттау тәсілімен бүгінге дейін бөлісіп келудемін. Әсіресе ағылшын тілінде сөздің жазылуы мен айтылуы көп жағдайда екі түрлі болатынын білеміз. Сол үшін де жаңа сөздерді жаттаған кезде дәл жаттай білу керек. Ал енді дәл жаттау дегеніміз не? Оған дейін «сөздің» не екенін түсініп көрейік. Мәселен, «қалам» деген сөз. Біріншіден, қаламды ұстай аламыз, қолымызда айналдыра аламыз, иіскеп, тіпті тісімізге басып та көре аламыз. Себебі ол – зат. Ал енді сізге күнделікті пайдаланып жүрген қаламыңызды еске түсіріңіз десек, оны оп-оңай көз алдыңызға елестете аласыз. Демек, қалам – ол зат. Ал сіздің елестеткен нәрсеңіз – соның кейпі, бейнесі. Көп жағдайда адам миын компьютермен салыстырып жатады. Ол нәрсе негізсіз емес. Компьютерге ақпарат – сөздер, сандар, әріптер кейпінде пернетақта арқылы жазылып, экраннан бейне ретінде көрсетіледі. Адам миына да ақпараттар белгілі бір мүшелер (құлақ, көз, мұрын, тіл, тері) арқыды түседі де, ми оны бізге бейне кейпінде береді. Мидың тілі – түрлі кейіптер мен бейнелер. Біз «қалам» деген сөзді естіген кезімізде, миымыз бізге бірден қаламның бейнесін, суретін елестетіп береді. Екіншіден, «қалам» деген сөзді біз дауыспен айта аламыз, қатты не бәсең дауыспен айтсақ та болады. Яғни сөздің айтылуы бар. Үшіншіден, «қалам» деген сөзді біз жаза аламыз. Яғни жазуға келеді. Ал енді қолмен ұстай алмайтын сөздерді ше, оларды қалай елестетеміз? Ол да оңай. Бастыы ойлау қабілетіңізге шектеу қоймасаңыз болғаны. Мәселен, «сұлулық» деген сөзді алайық. Осы сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Иә, әркімге әрқалай. Біреу әдемі табиғат аяына шыққан кезін есіне алар, біреу анасын елестетер, біреу үшін басқа адамның бейнесі шығар. Қалай болғанда да бір бейне келеді. Міне, сол бейнеге біз «сұлулық» деген сөзді бекітіп, байлап қоямыз. Өзге тілдердегі сөздерді жаттау барысында осы нәрселерді құрал ретінде пайдаға асыратын боламыз. ЕЛЕСТЕТУ, КЕЙІП, БЕЙНЕ СӨЗ ЖАЗЫЛУ АЙТЫЛУ Біз сөздерді қалай жаттаймыз? Балалық шақты еске алайық. Қолыңызда доп бар. Барып анаңыздан: «Бұл не» - деп сұрайсыз. Анаңыз: «Бұл доп», - деп жауап береді. Сіз допты қолыңызбен ұстайсыз, иіскейсіз, лақтырасыз және «Бұл доп, бұл доп», - деп қайталап айтып жүресіз. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
