09:54
Тіл біл

АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Кеш аяқталғаннан кейін консулмен суретке түскені есінде. Суреттің астына «Алла жазса, мұхиттың арғы бетін де бағындырамыз», - деп жазып, АҚШ-қа баруды сол уақытта ниет етіп қойған екен. Өмірде рухани танымымнан өзі үшін бекіткен бұлжымас қағида бар: тек қана жақсы сөз айтып, жақсы ниет қою. Алла Тағала қай жерге дәм-тұзды бұйырса, ол жерге бармай қоймайды екенсің.

Ол секілді студенттерді «иждивенец» деп атайды. Яғни біреудің есебінен күн көретін адам. Оның жағдайындағы қаржыландырушылар ата-анасы болатын (Алла оларға разы болсын). Әке-шешенің жүрегіне Жаратушы Раббымыз сондай мейірім орнатып қойған, перзенті үшін аянбайды ғой, шіркін!

Араб тілі бөлімінде жазғанындай, Умра қажылығына қаржы жинаймын деген мақсатпен, оқуына ешқандай кедергісін келтірмейтін, керісінше, білім жолында одан сайын тәжірибесін арттыратын табыс көзін іздеді.

Сөйтіп жүріп оқу-ағарту жағын таңдады. Өзі білетін, үйреніп жүрген тілдерден сабақ беремін деп шешім қабылдады. Алғашқы кезде ешкім мойындай қойған жоқ. «6 жыл ағылшын оқығам» дегенімде, «Мы со студентами не работаем», - деп қайтарып тастап отырды. Аз ғана сабыр еткеннен кейін, күндердің күні бір кісі қоңырау шалып шақырды.

Қыстың кезі. Түскі уақытта бір мезгіл көз іліп, қайлулә сүннетін жасайтын әдеті болатын студенттік шақта. Егер оны жасамаса, қатты ұйқы келіп, кешке дейін мазасы болмайтын. Солай Хазреті Сұлтан мешітіне жетіп, сол жерде бесін намазынан кейін 15 минут қабырғаға басын қойып ұйықтап алып, ары қарай бірнеше автобус алмастырып шақырылған жерге барды. Барса, шақырған кісі Intermediate деңгейіндегі оқушыларына сабақ өтіп жатыр екен. Ол есіктің сыртынан сабақтың қалай өтіп жатқандығын біраз тыңдап тұрып қайран қалды. Ішінде аздаған қорқыныш сезімі кеудесін жарып жіберердей әсер етті. Өзін алдында отырған оқушыларға сабақ өтіп жатқан кейіпте елестетіп көріп, қолымнан келмейді-ау деп, теріс бұрылды да кетіп қалды.

Біраз ұзай бергенінде қайта тоқтады. Өз-өзімен сөйлесуде: «Ең кемінде директорымен кездесіп кетсең не болады? Алса алады, алмаса ештеңе етпейді. Осылай тырысып көрмей қашып кете бересің бе? Онда үлкен өмірге қалай қадам басасың? Қазірден осындай жауапсыз болып, келемін деп уәде беріп қойған адамды алдап кетесің бе?»

Содан қайта мекемеге кіріп, сабақтың аяқталғанын күтті. Сабақ аяқталған соң курс директоры шығып, оны көріп өз кабинетіне шақырды. Бірден ағылшын тілінде сөйлесуге кірісіп кетті. Бірнеше сұрақтар жаудырып, риза болған халде оның ағылшын тілін мақтады.

Қазір сұраса жоғары курс студентімін, жасым 20-да деп айтамын деген сынды өтіріктерін құрастырып тұрған-ды іштей. Әбден теріс жауап алып күйінгеннен болар, солай өтірікке салынайын деді. Алайда аузынан сөз шығып бастағаннан бар шынын айтып қойды. Умраға қалайша өтіріп айтып жиналған ақшамен бара аламын деп өзіне ренжіді. Анасының сөзі есіне түсті. Дәйім айтатын: «Өлсең де шыныңды айтып өлу керек», - деп. Ер адамға өтірік айту үлкен сын болады, айып болады. Кіші роқырмандар болса, осы бір оқиғасынан ғибрат алар деп ашылып жазды.

Солайша бар шындығын айтқаннан кейін директордың жауабы ол ойлағандай болмады. Керісінше, командасында жастардың болғанын қалайтынын айтты. Ол уақытта жасы 18-де. Марокко Королдігіне барып келген. Бар портфолиосы, резюмесі сол еді. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: