10:38
Тіл біл

АҒЫЛШЫН ТІЛІ

2010 жылы әпкесі мектеп бітіріп, мемлекеттік грант иегері атанып, жоғары оқу орнына түседі. Сол кезде грант ұтып алған жандардың тізімі газет бетіне шығатын. Жауабы шықты деген күні отбасымен отырып газеттерден әпкесінің есімін іздеген. Сол ақытта көзі «Халықаралық қатынастар» деген жазуды шалып қалады. Ағылшын тілін оқып жүрген ол сол нәрсені қызық көріп «Мен ертең мектеп бітірсем осы мамандыққа түсемін» деп айта салғаны есінде. Жалпы ода ол кезде мамандық туралы ешқандай түсінік те жоқ етін. Алайда «Әрбір айтылған сөз – дұға» деген үлкендердің өнегесін білеміз ғой. Сол кезде кішріксіз бала көңілмен айтылған сөзді Алла қабыл етіп, 6 жыл өткен соң сол мамандыққа түсіргені қызық емес пе?!

Мақсатты түрде өз қалауымен ағылшын тілін таңдады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге де қатысты. Нәтижесінде 101 балл жинап, сол баллмен елордамыздағв Еуразия Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану мамандығы, арабтану бөліміне түсті. Ағылшын тілін таңдауы, Алланың қалауымен, оған үлкен қазына есіктерін ашты.

Бұл нәрселерді жазудағы мақсат – ешкім ешкімнен артық не кем емес екенін жеткізу. Әркімге Алла Тағала жағдайды әртүрлі береді. Бірақ бәрінде бірдей 24 сағат бар. Қазіргі таңда жанында жүріп, қызметінде болып, білім алып жүрген шейхі Холид Харса айтады:

«Имам Науауиде бар 24 сағат біз бен сізде де бар. Сол сынды ғалымдардың артықшылықтары неде болды, білесіз бе? Олардың ықыласы мықты, талпынысы күшті еді».

Осы орайда шейх Адһам Әл-Асимидің де сөзін келтіре кету өте орынды болмақ:

«Біздердің миымызда үлкен бір вирус бар, ол – «Ғалымдар, ұлылар, дарындылар шаршамайды» деген.

Жоқ, олар да біз сияқты шаршайды, қарны ашады, өмірде проблемалары көп адамдар.

Мысалы, шейх абдулкаримнің шейх Бадруддин Аль-Хасанидің сабағына 18 жыл қатысып, ешқандай дәрісін жіберіп алмағанын естиміз. Мен 1000 жыл бұрын өмір сүрген кісілерді айтып тұрғаным жоқ, біздердің замандастарымыз. Алайда ұлылар мен жетістікке жете алмаған кісілердің арасындағы айырмашылық – қарсы тұра білу. Ұйқысы келсе де ұйықтамау, шаршаса да мақсатына қойғанын аяқтамай тоқтамау.

Болашақта үлкен жоспар бастаймын, қоғамға әсер ететін тұлға боламын деген кісі – нәпсінің қалаған нәрселеріне қарсы тұруды үйренсін. Мысалы, таң намазынан соң кітап оқысаң, 15 минуттан кейін ұйқың келеді. Бүкіл адамда болатын табиғи жағдай, ешқайсымыз темірден жаратылмадық. Егер осы қалауыңмен тағы 10 минут күрессең, әлгі қалғу түк болмағандай сергектене түсесің».

Университет қабырғасында жүрген кезде тілді одан сайын дамыту мақсатында АҚШ елшілігінің маңынан құрылған «American Corner» деген ұйымдардың кештерінен қалмауға тырысатын. Әрине, кез-келген үлкен держава Қазақстан сынды мемлекеттерде өз идеологиясын насихаттау үшін жастармен көп жұмыс жасайды. Елшіліктен түрлі консулдар, атташелер келіп презентациялар жасап, лекция өтетін.

Алғаш барған кезінде АҚШ-тағы сайлау қызу талқыға түсіп жатқан болатын. Дональд Трамп пен Хиллари Клинтонның сайлау алды тартыстары сөз етіліп, екі жақтың дауыстары есепке алынып, кім АҚШ-тың 45-президенті болады екен деген сауал төңірегінде пікіралмасты. Әсіресе Халықаралық қатынастар факультеті студенттері үшін ағылшын тіліндегі пікіралмасу кештері маңызды. Саяси, политологиялық лексиканы практикада үйренуге, бойыңыздағы комплекстерді жеңуге, публика алдында сөйлеп бейісделуге таптырмас мүмкіншілік. (жалғасы бар)  баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 19 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: