18:20
Тіл біл

АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Countries, his/her

Ағылшын тіліндегі бірнеше елдің атауымен таныса өтейік.

Kazakhstan [kaezәkstaen]

Morocco [mә’rokәu]

Japan [dзә’paen]

Korea [kә’riә]

England [‘inglәnd]

Italy [‘itәli]

Енді бір адамдар туралы айтқанда, үшінші жақта сөйлейміз. Сол кезде «ол» деген сөздер қажет болады. Мәселен:

This 3s Hamid. He is from Morocco.

This is Tomoko. She is from Japan.

Енді «Оның» деп қалай айтсақ болады?

His – оның (ер тегі)

Her – оның (әйел тегі)

He is from Morocco. His name is Hamid.

She is from Japan. Her name is Tomoko.

Мысалдар құрап, ол мысалдарды оқушыларға берген кезде маңызды дүниелердің бірі – ілгергі мысалдарда қолданылған атауларды пайдалану. Сол арқылы үйренушінің санасында тізбек қалыптасып, екі арадағы байланысты көре бастайды.

Төменде тағы бір кішігірім тапсырманы орындай кетсеңіздер. Сол арқылы шағын сабағымызды тәмамдаймыз:

I ___________ from Kazakhstan.

He _________ from Kazakhstan.

She ________ from Kazakhstan.

It __________ from Kazakhstan.

We _________ from Kazakhstan.

You _________ from Kazakhstan.

They ________ from Kazakhstan.

Осымен ұсынылған шағын сабағымыз аяғына жетті. Толық оқып шыққан болсаңыз, жарайсыз! Өте үлкен еңбек жасадыңыз. Өз күшіңізге ешқашан күмәнданбаңыз! Алла берге қабілет арқылы әлі талай шыңдарды бағындыра аласыз!

(жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 7 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: