15:57
Тіл біл

АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Introductions

Ағылшын тілінде «To be» деген өте қарапайым, алайда маңызды болған, фундаменталды тақырып бар. «To be» сөзінің тікелей аудармасы «болу» деген мағына береді. Осы шақтағы негізгі 3 формасы ғана бар: am / is / are. Осы үшеуінің қалай қойылатынын біліп алсаңыздар болғаны, ешқашан қиналмайсыздар. Ол үшін ағылшын тіліндегі есімдіктерді бір шолып өтейік.

І – мен

You – сен, сендер (жекеше де, көпше де түрде бір сөз қолданылады)

Не – ол (ер тегі)

She – ол (әйел теі)

It – ол (жануар немесе жансыз зат)

We – біз

They – олар

Енді осы есімдіктерге жоғарыда айтқан «To be»-ді қойып шығамыз. Сол кезде қайсы қайсына қойылатынын жаттап аласыздар.

I + am (I am a doctor)

You + are (You are a doctor / You are doctors)

He + is (He is a doctor)

She + is (She is a doctor)

It + is (It is a doctor)

We + are (We are doctors)

They + are (They are doctors)

Есімдік арқылы жаттаудағы мақсат – оның жағын біліп жаттау. 3 жақ бар екенін жақсы білеміз.

Бірінші жақ = сөйлеуші жақ, яғни мен немесе біз

Екінші жақ = тыңдаушы жақ, яғни сен немесе сендер

Үшінші жақ = ғайып жақ, яғни ол немесе олар

Төменде берілген диалогты оқып шығыңыз:

A: Hello! My name’s Ahmet.

What’s your name?

B: Batyr.

A: Where are you from, Batyr?

B: I’m from Almaty.

Grammar spot:

name’s = name is, what’s = what is, I’m = I am

My – менің

Your – сенің

“You” және “Your” сөздерін көптеген адамдар шатастырып жатады. «Your» сөзіне жекелей «To be» жалғанбайды. Егер де басқа зат есіммен тіркесіп келсе, сол кезде үшінші жақтың «To be»-ін қоямыз. Мысалға: your pen = it, your father = he, your mother = she.

Жоғарыдағы диалогты тағы да бір оқып шықсаңыз. Алайда бұл жолы жаттап алуға миыңызды көндіріп көріңіз. Қазір төменде бір кішігірім тапсырма орындаймыз.

Берілген бос жерлерді толтырып көріңіз. Ол сенеді, еш қатесіз толтыра аласыз. Ағылшын тілін оқымағаныңызға сан жылдар болып кетсе де, еш қиналмай толтырасыз. Алайда «To be»-ге көңіл бөліңіз.

Z: Hello! My __________ Zere. What’s _________ name?

B: Balausa.

Z: _______ are you from, Balausa?

B: _______ from Qarqaraly. Where ________ you from?

Z: _______ _________ Astana.

(жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: