22:45
Тіл біл

АРАБ ТІЛІ

3-курста араб тілінен Республикалық олимпиадаға баруға ұсыныс алды. 2-курста өзін дайынмын деп ойлап жүретін. Алайда, шын мәнінде, дайын болғанымда бардым деген болар еді. Олимпиада – Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті ғимаратында өтті.

Олимпиадаға Доктор ашраф өзі жеке дайындады. Бірнеше мәселелер бойынша марокколық ұстаздарына хабарласып, арасында сұрап отырды. Жоба қорғауда, тақтаға шыққанда ешқандай параққа қарамай, өзін еркін ұстап сөйлеуге бейімделген болатын. Сол кезде аудиторияны жақсы сезе алады.

Олимпиада – екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде грамматикадан тест болды, араб тілінде эссе жазды. Екінші кезеңде бір тақырып аясында арабша презентация қорғады. Одан кейін комиссия мүшелерінің қосалқы сұрақтарына жауап берді.

Алланың қалауымен сол жарыстан бірінші орын алып, елордаға жүлдемен оралды. Республикалық Олимпиададан бірінші орын алғаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің марапатына ие болды.

Өмірде жасау керек болған істерді жасай берсеңіз болғаны. Марапат, жүлде деген дүниелердің бәрі ретімен келе береді. Оларды тіпті приоритетке қойып та қажет емес. Өз саламыздың, өз ісіміздің майталман маманы болуға жұмыс жасасақ, қоғам үшін атқарған үлкен қызметтеріміздің бірегейі де сол болмақ. Себебі Шәкәрім бабамыз (Алла рахымына алсын) айтқандай: «Қоғам – жекелеген біз бен сізден тұрады. Жекелер мықты болса, қоғам мықты болады».

Ер жігіттің басына сондай бір кезеңдер туады, ол кезде ата-анаңа ештеңе айтпайсың, қаржылай салмақ болғың келмейді, өзің бір нәрсе жасауды қалайсың. Сондай кезеңдердің бірі – Қазан қаласына араб тілінен олимпиадаға барарда болды. Ел тарапынан ешқандай қаржыландыру болмады, алайда оның қатты барғысы келді. Өзін сынамаққа, ел атын өз деңгейінде шығармаққа жақсы мүмкіндік екенін сезді.

«Асқар тау бірде қарлы, бірде қарсыз,

Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз», -

дегендей,қалтада ақша жоқ кез, бірақ баратындай сеніммен жүрді. Дос-бауырларымен телефонда сөйлесіп: «Осындай жаңалықтар болуда, Қазан қаласына араб тілінен олимпиадаға баруға ниет етудемін», - деп айтқан болатын.

Бауырдың жанын бауыр біледі демекші, бірнеше күннің ішінде Астана, Алматы, Шымкент, түркістандағы бауырлар өздері ұйымдасып ақша жинап, есебіне салып жіберіп: «Жеңіспен келеріңізге сенеміз», - деп демеу білдірді. Ол еріксіз толқығанын жасыра алмады. Себебі дос-бауырларының өздері де студент болатын. Жарты ақшасын туған әпкесінен алып, бірден билет іздеуге кірісті. Бағалар тым қымбат... Алайда бір нәрсе бар – жол қаншалықты ұзақ, қиын болған сайын, бағасы да арзандай береді. Фартер, тіке рейстердің қымбат болатыны содан.

Өзінің авторлық маршрутын құрастырды. Елордадан ұшақ арқылы петропавлға жетті. Ары қарай пойызбен Омбыға барды. Ақша үнемдеймін деп төсек жаймасыз плацкартқа алды билетті. Омбыға келген кезде бүрісіп оянды. Темір жол вокзалынан шыға бере таксиге отырды әуежайға бармаққа. Ол таксист әңгімемен қатырып отырып жалғыз 2000 рублін қағып алды. Каспи есебінде соңғы 4-5 мың теңге қалған. Ал ол болса сондай ақшамен шетелге бара жатыр. Сол кездегі тәуекелдің деңгейіне кейде таңданады. Омбыдан Самараға ұшты, Самарадан Қазанға ұшып, түнделетіп әйтеуір жетті татар жеріне. Бару-келу жолына жалпы 110000 теңге ғана құртты. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 27 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: