22:43
Тіл біл

АРАБ ТІЛІ

Арабша өлеңдер жаттап жүруінің шарапатын Мекке қаласында болған кезде көрді дей алады. Мирлан есімді ағасымен Әл-Харам мешітіне қарсы тұрған Зәм-зәм қонақ үйіне кіріп шығайық деді. Жоғары жағына көтерілсе, бір араб отбасы отыр екен. Жандарына жақындап барды да, арабша сөйлей бастады. Артынан бірге отырып, ұзақ сұхбаттасуға кірісіп кетті. Бір уақытта араб тіліндегі жаттаған өлеңдерін оқыды. Араб отбасы таңданып тыңдап отырды. Тыңдап болған соң арасындағы Джамаль есімді кісі қайта оқуын тіледі. Екінші рет оқыған кезінде ұялы телефонын алып, видеоға түсірді. Ол нәрсе өз кезегінде оған үлкен қуаныш сыйлады.

Араб тілін үйрену жолында қосымша шиғрлар (қара өлеңдер) жаттайтын болсаңыз, арабша әдемі сөйлеуге бейімделесіз. Шиғрларда берілетін керемет сөз иірімдері сөйлеуіңізді суретші суреттегендей әсемдей түседі. Одан бөлек адам миы жұмысының жақсаруына, алғырлыққа, зеректікке бейімдейтінін практикада көріп білді.

Имам Шафиғидің (Алла рахымына алсын) өзі жас кезінде ақындық өнермен қатты айналысқанын тарих беттерінен оқып білдік. Сол 3-курста өзіне қатты ұнаған өлең жолдарын жаттап алатын. Тәржімалағандағы солардың бірі:

Мені жалғыз қалған кезімде насихат айтып қуатта,

Алайда адамдардың алдында насихатыңды менен ұзақ ұста.

Ақиқатында, адамдар арасында айтылатын насихат –

Сөгудің бір түріне жатады, ал мен оған разы емеспін.

Егер де менімен келіспей, сөзімді қабылдамасаң,

Мен де саған бағынбаушылық танытпаймын, сонда таңдаңба!

(Диуан Имам Шафиғи)

Джаһилиет (Ислам діні келгенге дейінгі қараңғылық кезеңі) кезінің белді ақындары – Имруль Қайс, Тарафа, Антара ибн Шаддадтардың өлеңдерімен танысудың араб тілінің тереңдігіне тастап жібереді. Ол өлеңдерді араб әдебиетінің маманы болып табылатын ұстазбен оқымасаң, қарапайым араб тілінде сөйлейтін адамның өзі түсіне алмайды.

Араб тіліндегі өлеңдерде түрлі тіркестер келеді. Сол тіркестерді, теңеулерді түсінуге бас қатырудың өзі миыңызды шынықтыра түседі. Мәселен, мысырлық ілгергі ақындардың бірі Махмуд Сами Әл-Баруди жазған бір туындысында «хамелеон» мағынасын беретін сөзді қолданған. Хамелеон өзінің түсін түрлң етіп өзгерте алатынын білеміз. Өлең жолдарында адамдар сол хамелеонға ұқсатылған.

«Адам хамелеон секілді түрлі-түсті боп өзгеріп кете беретін замандамын», -

деп ақын айналасындағы адамдардың екіжүзділігін сынаған.

Ливандық араб ақыны Илья абу Мадының мына бір сөз иірімі де көркем айтылған: Топырақ – өзінің топырақ екенін бір сәтке ұмытты...

Яғни, адам өзінің топырақтан жаралғанын, қайта сол жер қойнауына оралатынын бір сәтке ұмытты. Ұмытқан кезде тәкаппарлыққа, өзімшілдікке бой алдырып қойды деген ойды түсінеміз.

Тіл үйренуге қызығушы әрбір жанға сол игеріп жатқан тілінің әдебиетімен танысуды өсет етеміз. Ол өз басы тілді тек төмен деңгейде үйреніп қоя салуға разы емес. Мұсылман адам қандай да бір іске кіріссе, соны әдемі, көркем формада, кемеліне жеткізіп орындай білуі қажет.  (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: