23:12
Тіл біл

АРАБ ТІЛІ

Бармай қаламын ба деген қорқыныш, ақша жинай аламын ба деген уайым, қасиетті мекендерге табан тіреуге лайық болмай қалсақ ше деген алаңдаушылық... Бәрі де Джидда (Джидда – Сауд Арабиясы Корольдігінің батысында орналасқан, Қызыл теңіз жағасындағы қаласы) әуежайынан түсіп, тәлбия (тәлбия – қажылық кезінде, ихрамдағы қажылардың көп қайталап айтатын дұғасы) айтып, Меккеге қарай бет алған кезде ұмытылды.

Бұл жазғанының тіл үйренуге нендей қатысы бар деген сауал тууы мүмкін. Айтпағы, тіл үйрену – тек бір уақыт өткізетін, әдемі сөйлеуге бейімдейтін активити емес, бәлкім, арман еткен рухани сапар жасауына да үлес қосқан іс болды. Осы жазбасы – соның бір дәлелі боп, сіздерді де жігерлендіре түссе екен дейді.

Қағбаның түбінде тұрып Құдайдан қалаған нәрсесінің бәрін сұрады. Соның ішінде тіл білімін нығайтудан, соған жолдарды ашуын дұға қылды. Иә, себебі адамға қабілет беретін Алла Тағала. Сол уақытқа дейін ол тек араб және ағылшын тілдерін білетін. Одан кейін жылдар өте бірінен кейін бірі өзге тілдерді иегер бастады. Ешқашан полиглот болайыншы деп мақсат етпеген. Қағбаның алдында отырып жасаған дұғаның берекесін молынан көрді дей алады.

Байқасаңыздар, олар жазған кез-келген бөлім руханиятқа негізделген. Полиглот болудың сырын білгілеріңіз келсе, жауабы осы деген болар еді. Болмашы нәрселермен өткізіп жіберуге өмір тым қысқа. Қандай мақсат-армандар бар, соларды орындауға, жүзеге асыруға талпынып, әрекет жасасақ, Алладан берекетін сұрасақ, жемісі міндетті түрде болады. Денелер жұмыс жасайды, жүректер Аллаға тәуекел етеді.

Сол жақта жүргенде шәкірті Расулға қатысты Құдай көкейге бір ой салды: «Неге сол баланы өзіммен бірге үйіме алып кетпеймін» деген. Елге оралған соң ата-анасымен сөйлесті. Ешқандай туыстық байланысы жоқ, алайда сенім артып, әкесі өз қолымен әкеліп, баласын тапсырды. Шымкент қаласына алып келді. «Каникулы строгого режима» іспетті болды. Әлбетте, арасында тынығатын уақыттары, хауызға түсіп шомылатын кездері бар.

Ағалық міндетінен бөлек өзінің жеке өмірі де бар емес пе?! Жолдас-бауырларымен кездесетін кездері болады. Сол кезде Расулжанды өзімен бірге апарады. Жас баланы өзінен үлкен ағаларының дұрыс әңгімесіне баулу, тәрбиеге бағыттау – ғалымдардың нұсқаған жолы болатын.

Бір күні Біріккен Араб Әмірліктерінен Ра’с Әл-Хайманың шейхы отбасымен келіп, Шымкентті зиярат етті. Ол Расулға аға болғаны секілді, оның да ағалары бар, сол жиынға шақырды. Шейхтің отбасымен бірге қаланың сыртындағы «Алма Тау» демалыс аймағына кетті. Сол кезде жол үстінде Әмин ағасының айтқан сөздері қатты есінде қалды: «Арсен, мына біздің буын ілгергілерден мықты болу керек, сенің буының бізден де мықты болу қажет, бізден асып түсулерің керек. Өзіңнен кейінгі осы Расулдарды өзіңнен де асып түсетіндей етіп тәрбиелеу керек. Осылай тізбек жалғасып отырмаса, жағдайымыз мүшкіл».

Балаға тәрбиенің қалай әсер ететінін үлгіде көргендей болды. Себебі футболсүйер, ойынға бүйрегі бұрып тұратын Расул жанына келіп, Алланың діні жайында сұрай бастады. Өзі. Ешкім үгіттеген жоқ. Сіз бен біз – кішілерге жүріс-тұрысымызбен насихат ету керек екендігіктерін одан сайын ұғына түсті.

3-курсқа келген кезде араб әдебиетіне деген қызығушылық керемет артты. Мысырлық ұстазы – Доктор ашрафпен университете қабырғасында араб әдебиеті пәі болатын. Ол өз кезегінде YouTube желісінен өзге де көптеген араб шайырларының өлеңдерін дәптеріне жазып, жаттап жүретін. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: