00:35
Тіл біл

АРАБ ТІЛІ

Оған әдетте әлеуметтік желі арқылы «Араб тілін үйренуге қанша уақыт кетеді?» деген сынды сауалдар кеп жатады. Ол сұрақтың нақты бір жауабы жоқ деген болар еді. Себебі ааб тілін оқып, үйреніп, өзгелерге үйретіп жүргеніне 7 жылдың жүзі болуда. Осынша уақыт өтсе де, өзін әлі араб тілінің шыңына шықтым дей алмайды. Сұрақтың дұрыс формасы былай болады деп біледі: «Осынша уақыт ішінде араб тілін қаншалықты деңгейде үйрене алам?» 1 айдағы деңгейіңізді бір байқайсыз, 2 айдағы деңгейіңізді бір байқайсыз, жарты жылдағы деңгейіңізді бір байқайсыз, 1 жылдағы деңгейіңізді бір байқайсыз да, өзіңіздің тіл үйрену картаңызды сызасыз. Тіл игеруде маңыздысы – оқып бастау. Оқып бастағаннан кейін дұрыс сұрақтарыңыз өздігінен шыға береді. Ештеңе бастамастан «Қанша уақытта үйрене алам?» деген сауалдарды орынсыз деп санаймыз. Бұл жерде сонымен қоса адами факторды, жеке тұлғалық қабілеттерді де ескеру керек. Тілдің негізгі қағидаларын игеріп болған соң, сөздік қор жинау үлкен рөл ойнайды. Ал көп сөз жаттап, оны керек кезінде еске түсіріп пайдалана алу үшін жадымыз, есте сақтау қабілетіміз жақсы болуы керек. Бала кезінен ештеңе жаттамаған, миына салмақ салмаған адам әуелі жадын шынықтырғаны дұрыс болады. Жады шыныққан адам үшін қандай да бір тілді игеру қиындық тудырмайды. Себебі жаңа тіл игеруде – жаңа графиканы, жаңа структураларды, жаңа тіркестерді игеру қажет болады.

Адамның жадын не жақсартады деген сауалға Имам Бұхари (Алла рахымына алсын): «Кітапты көп оқу», - деп жауап береді.

Ал енді зейін мен жадыны жақсартуға қатысты келесідей практикалық кеңестерді жазалық:

- Жүзіне қарап жиі Құран оқу, оны жаттау және де жаттаған аяттарыңызға ой жүгіртіп, сол жаттаған аяттарыңыз бойынша ұстаздардың, шейхтардың (Ханафи мазһабындағы, Матуруди ақидасындағы) тәпсір сабақтарын қарап, түсінігіңізді кеңейту.

- Аз күнә жасауға тырысу. Тірі жүрген адам баласының күнәдан аманы жоқ. Мейлінше сол күнә көрсеткішін азайтуға тырысу – зейіннің жақсаруына алып келеді.

- Көп дұға ету, соның ішіне көп истиғфар ету де кіреді. Бір кітап оқырдың немесе бір нәрсе жаттардың алдында осынша мәрте истиғфар етіп, сосын бастаймын деген секілді дағдыны өзіңізге бекітсеңіз болады. Сол кезде білімнің де берекесін сезе аласыз. Истғфардың ең оңай түрі – астағфируллаһ (Алладан кешірім сұрау).

- Зейіннің жақсаруына әсер ететін дақылдардан жеу. Мысалы, жаңғақ. Медицина мамандарымен ақылдасып, рацион қалыптастыруға болады. Соның ішінде таңертең бір мезгіл жаңғақ жеу – мамандардың кеңесінше есте сақтау қабілетін арттырады.

- Математика ілімі де адамның есте сақтау қабілетін, критикалық ойлауын жақсартады. Логиканы, кеңістікте ойлауды дамыту үшін түрлі есептерді, олардың шығарылу жолын қарауды кеңес етеді.

- Білетін тіліңізден басқа тіл игеру. Жаңа тіл игеру – сіз білетін сөздердің, атаулардың басқа тілдегі варияциялары ғана емес. Жаңа танымның есігін ашатын, ойды кеңейтетін жол.

- Түскі ұйқы – қайлулә. Әлемдік тұлғалардың өзі практикасында пайдаланған, испандықтарда «сиеста» деп аталатын үрдіс. Ұйқының жақсы болуы – мидың да жақсы жұмыс істеуіне сеп. Ал түскі ұйқы – сол сергектіктің негізі. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 24 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: