22:34 Шұғылалы шешендік | |
АҚТАЙЛАҚ пен ҚАНАЙ ШЕШЕН Ақтайлақ шешен Қанай шешеннен: - Ер басында бақыт нешеу? Кемдік нешеу? Құлазу нешеу? – деп сұрайды. Сонда Қарауыл Қанай шешен былай деп жауап береді: - Ер басында бақыт – бесеу, кемдік – үшеу, құлазу – төртеу. Астыңдағы атың жүрдек болса, Жалғанның пырағы, Алғаның жақсы болса, Үй мен қонақтың тұрағы, Әкең – асқар тау, Шешең – қайнар бұлақ, Балаң жақсы болса, Екі көздің шам-шырағы, Міне – бес бақыт осы. - Атың шабан болса, Жалғанның азабы; Алғаның жаман болса, Дүниенің тозағы; Балаң жаман болса, Көрінгеннің мазағы. Міне – үш кемдік осы. - Қалың ел көшсе, Көз құлазиды; Қаптаған мал кетсе, Бел құлазиды; Нарқын танымаған, Сөз құлазиды; Қатарынан айрылған, Шал құлазиды; Міне – төрт құлазу осы. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
