22:58 Шұғылалы шешендік | |
ҮШ АРСЫЗ, ҮШ АҒАЙЫН, ҮШ ЖЕТІМ Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып: - Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? – депті. Жиналған халық көп дағдарып: Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, - деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан: - Елде келмеген кім қалды? – деп сұрапты. Келмеген Қарабас шешен қалды, - депті халық. Жәнібек Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөздің шешуін содан сұрапты. Сонда Қарабас: - Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! – депті де: Оты жоқ жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім, Елінен ауған ер жетім, Тыңдаусыз сөз жетім, Жоқтаусыз қыз жетім, - дейді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
