23:42
Шұғылалы шешендік

ҚАЗЫБЕК пен БҰХАР

Бұхар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаздауысты Қазыбек би келеді.

Төсекте жатқан Бұхар жырау:

- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші, - деген екен.

Сонда Қазыбектің берген жауабы:

Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаан.

Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.

Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегеніңіз – білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.

Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған адам жаман.

Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

Сегіз дегеніңіз – бастаған серкесіз қой жаман.

Тоғыз дегеніңіз – толғанғаныңыз.

Он дегеніңіз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: