20:47 Шұғылалы шешендік | |
АҚЫЛДЫ ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ? Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса мырза: Ақ сауыт деп нені айтамыз? Арғымақ деп нені айтамыз? Ақылды деп кімді айтамыз, Ер жігіт деп кімді айтамыз? – деп сұрақ қойыпты. Бұған Шоң: Ақ сауыт деп айтамыз, Атқанда оқ өтпесе. Арғымақ деп айтамыз, Желгенде жылқы жетпесе. Ақылды деп айтамыз, Тозған елді септесе. Ер жігіт деп айтамыз, Жауға тастап кетпесе! – депті. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
