18:24 Шұғылалы шешендік | |
ТҮЗДЕ ЖҮРСЕМ БАТЫРМЫН Толыбай деген кісі батыр әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, бай-мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан қайтқан бір топ бай-мырзалар қонақасыдан ұялтып кету үшін Толыбайдың үйіне сау ете түсіпті. Бұл кезде Толыбай жалаңаяқ, тары түйіп жатса керек. Келген мырзалар үй сыртынан: - Ассалаумағалейкум, Толыбай батыр! – дейді. - Ағалайкуміссалам, жайсаң мен қасқалар, Кедейшілік ердің түсін басқалар. Дүзде жүрсек батырмыз, Үйде отырсақ қатынбыз, Қатын ауру, бала жас, Тары түйіп жатырмыз. Таудан үлкен талабым бар, Ит ішпейтін шалабым бар, Түссеңдер міне лашық, Кетсеңдер жолдарың ашық! – депті Толыбай шешен. Сонда келген адамдар разы болып, ат, шапан беріп қасына ала жүрген екен. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
