09:35 Шұғылалы шешендік | |
ҚОЗЫБАЙ ШЕШЕН Қозыбай жер аударылып Семей еліне барып, аға сұлтан Бекболаттың қолында тұрады. Сонда Қозыбайдың көңілін аулап бір мәжілісте Бекболат былай деген екен: Еліңде жақсы көп болса, пайдасы тиер, Содырлы-сотқар көп болса, найзасы тиер. Қоғамшыл, кең қолтық болсаң, халқың сүйер, Жақсыға, жаманнан кесір, Ішінен жақсысы кетсе ел жесір. Өзіңе жамандық қылған пендеге Жібектей болып есіл. Қисық ағаш тезінен мұқар, Асқынған дау сөзінен мұқар. Жақыннан шыққан жау жаман, Алмас қылыш өзінен мұқар.жаңылмас жақ болмас, Сүрінбес тұяқ болмас. Ер жігітке еңбек ар емес, Оны көрмеген ер нар емес. Жігітке серуен, сергелдең де серуен, Уа, Қозыбай, дәм тұзыңды елден жазсын, Топырағыңды туған жеріңнен жазсын. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
