09:15 Шұғылалы шешендік | |
ТОҚСАН ҚАРТТЫҢ ЖАППАСҚА АЙТҚАН КӨҢІЛІ Жаппас деген адамның ер жетіп келе жатқан жалғыз баласы қайтып, ата-ана, туған-туыстары қатты қайғырыпты. Жаппас көп күндер басын көтермей жатып алыпты. Сонда Жаппасқа көңіл айтып жұбатуға Тоқсан қарт келген екен. Тоқсанның Жаппасқа айтқан көңілі: - Ей, мырза, кетер беліңді, жылатпа еліңді. Қас нардың қабырғадан қолы сөгілсе де елемес, Тағдырдың ісіне көнбейтін пасық адам сен емес. Өткен қайтып келмейді, өшкен қайтып жанбайды... Сонда Жаппас басын көтеріп отырып әңгіме арасында: - Бұл қайғым қайтсем қалады? – депті. Сонда Тоқсан: - Ей, мырзам, бұл қайғың Келелі бидің кеңесінде қалады. Биік таудың төбесінде қалады, Өзен судың көбесінде қалады, Қыран құстың қияғында қалады, Жүйрік аттың тұяғында қалады, Ұлы дүбір ойында қалады. Сұлу жардың қойнында қалады, Осы айтқанды істемесең, Өле-өлгенше өзіңнің мойныңда қалады, - депті. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
