23:03 Шұғылалы шешендік | |
ЖАҚСЫ ЖІГІТ БЕЛГІСІ Жақсы туған жігітті Жаным десе жарасар. Жақсы ұл туған қатынды Ханым десе жарасар. Жақсы туған жігітке Бүкіл елі таласар. Жаман туған жігіттер Қара жолдан адасар. Арғымақ аттың құйрығы – Сатса жібек, кессе қыл. Жақсы жігіт белгісі Түзде мырза, үйде құл. Қошқар болар тоқтының Маңдай жері дөң болар. Адам болар жігіттің Айтқан сөзі жөн болар. Би болатын жігіттің Төбеде болар жұмысы. Мерген болар жігіттің Жебеде болар жұмысы. Батыр болар жігіттің Көбеде болар жұмысы. Қызық көрер жігіттің Бүркітте болар жұмысы. Жаман болар жігіттің Жалаң аяқ, жалаң бас Итте болар жұмысы. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
