09:33 Шұғылалы шешендік | |
БАРЛЫ-БАРЛЫ БАРЛЫ ТАУ (Торайғыр айтқан дейтін сөз) Барлы-барлы, Барлы тау, Басы есеннің дені сау, Ұйықтамаса қабақ жау, Ішпей жүрсе тамақ жау. Арық атқа қамшы жау, Жыртық үйге тамшы жау, Ұрысқақ болса ұлың жау, Керіскек болса келін жау. Қашаған болса атың жау, Қарыспа болса қатын жау. Тебеген болса биең жау, Сүйкеншек болса түйең жау. Түйең менен биеңді, Алып кетсе жиен жау. Ұл он беске келгенде, Қолға ұстаған қобызың. Ұл он бестен асқан соң, Тіл алмаса доңызың, Көк түйнектен өліп қалмаса, Жасында күйеу алмаса, Көрінгенмен ойнаса, Бәрінен де қызың жау. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
