10:42 Шұғылалы шешендік | |
ДҮНИЕДЕ НЕ ЖЕТІМ? Бұл дүниеде не жетім? Санай берсең көп жетім. Үйрек-қаз қалқып ұшпаса, Дария – шалқар көл жетім. Ел жағалай қонбаса, Бетегелі бел жетім. Ұлығы әділ болмаса, Төресін түзе бермесе, Болады байтақ ел жетім. Өз бетімен білмесе, Айтқан сөзге ермесе, Ұқпасқа айтақан сөз жетім. Замандасы болмаса, Өңкей жастың ішінде, Қария болар тез жетім. Қара қасты, қыпша бел, Сылаңдаса алдыңда, Сөзіңді қабыл алмаса, Құр қараған көз жетім. Еңбегі еш, тұзы сор, Көргенсіз болса қатыны, Өмір бойы ер жетім. Жаман болса барғаны, Ішінде боп арманы, Наданға барған жақсы әйел, Білер болсаң бұл жетім. Бабын білмей иесі, Аяғына қан түскен, Ұлы дүбір жиында, Қосылмаған ат жетім. Дүниеден етсе данышпан, Жүйріктермен жарысқан, Оқитын ие болмаса, Жазулы қалған хат жетім. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
