18:24 Шұғылалы шешендік | |
АСҚАР, АСҚАР, АСҚАР ТАУ Асқар, асқар, асқар тау, Асқардан биік тау болмас. Балапан торғай басына, Шырқап ұшып жете алмас. Күзен қазып тырбанып, Бауырын тесіп өте алмас. Әлелей болмай ел болмас, Бәлелей болмай бел болмас. Шағала келмей жаз болмас, Шаңқан болмай боз болмас. Қас тентекте ми болмас, Қас жүйрікте күй болмас. Қас жақсыда кек болмас, Қас жаманда тек болмас. Көлік артсаң атан арт, Үдере көшсең мұңаймас. Сауын саусаң бие сау, Салқын түспей суалмас. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |