16:03 Шұғылалы шешендік | |
АРҒЫМАҚ ЖАБЫ КӨРІНЕР ...Арғымақ жабы көрінер, Аса шауып бұлаңса. Жайқын көл батпақ көрінер, Айдыны құрғап суалса. Бәйтерек сабау көрінер, Жапырағы түсіп қуарса. Бір аз ғана сөйлейін, Әлеумет, сізге ұнаса!.. Арғымақ жайлап не керек, Артынан жабы жеткен соң? Ағайын, туған не керек, Аңдысып күні өткен соң? Қызыл тілім сөйлеп қал, Қызығыңды жер көрер, Ажал қуып жеткен соң? «Айт!» - дейтұғын жұрт қайда? Айтатын оны біз қайда, Бір төбенің басына, Тыға салып кеткен соң... баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |