22:49 Шұғылалы шешендік | |
ҚҰЛДЫҚ ШЕШЕН Өткен заманда көкпек Уатай деген би болыпты, өзі тентек кісі екен. Уатайдың дарауындағы елдің мекені Жалаңаш, Сарыкөл, Қойбаған және Құти деген жерлер болады. Елдің көпшілігі ол кезде көшіп жүретін болса керек. Әсіресе төре қарада Бақшақ деген ел тегіс көшпелі екен, жаз қырды жайлап, қыс Қызыл Құмға көшеді екен. Ішке көшкенде жаңағы Қойбаған, Құти, Жалаңаш, сарыкөл жүретін жолы екен, қонайын десе Уатай жер-суды қориды, шөбіне түссе, малын ұстайды, сұрай барса адамдарын ұрып-соғады, зәбірлейді екен. Қонбай кетейін десе жер тым кереғар, малы шөлдейді, адамдары шаршайды. Көп уақыт сүйтіп бақшақтар қиыншылықтарға ұшырайды. Сол кезде Бақшақта Құлдық деген шешен болыпты. Бір жылы күзді күні көшті Құлдық шешен өзі бастап Сарыкөлдің бсына әдейі келіп қоныпты. Қонған елді көріп Уатай атына міне шауыпты. Жанына бес-алты жігітті ертіп алып, жылқысын қуып, адамын ұрып келейік, - деп аттаныпты. Бұлардың келе жатқанын көріп, Құлдық шешен алдарынан шығып Уатайға сәлем беріпті. Уатай сәлемін ернінің ұшымен алып: «Бұл жерге саған кім қон деді?» - депті. Құлдық: «Ақылым қон деді», - депті. Уатай: «Ақыл қалай қон деді?» - депті. «Ақылым ақпан соқса өлмейсің, тоқпан соқса өлмейсің, Уатай бір соққанда қата қаласың ба? Сен бір қонғанда, сарыкөлдің суы орталанар деймісің, көсіктінің оты орталанар деймісің, қон-қон деді» - депті Құлдық. Сонда Уатай мақтанып кетіп: «Ой, тілі кесілгір, қона ғой! Сенің азғана малыңа су да тартылмас, шалғын да жапырылмас, бес-алты күн ерулеп көшерсің», - депті де кейін қайтып кетіпті. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |