22:48 Шұғылалы шешендік | |
САРЫ ТАБАҚТАН САРҚЫТ ҚАЙТАР Шу өзенінің жайылымына Арғын мен Үйсін рулары таласып, дауға Арғын жағынан Тобықты Құнанбай, Үйсін жағынан ысты Бақтыбайдың баласы он төрт жасар Сары Әжібек шығады. Баланы көргенде, сөйлесуге менсінбей Құнанбай: «Ата тұрып бала сөйлегеннен без, байы тұрып қатыны сөйлегеннен без», - деуші еді. Қарсы отырған мына бір бейәдеп балаң кім» - дейді. Сонда Сары әжібек шешен былай депті: Мен Ұлы жүздің белгілі Сарысымын, Бақтыбайды маңдайындағы дәрісімін. Маңдайымның бағы бар, Таңдайымның дағы бар. - Ал, сіз өзіңіздің кім екеніңізді білесіз бе? Не Арғын емес, не Найман емес, ат төбеліндей Тобықтылығың тағы бар, оң көзіңнің ағы бар сен дуанбасы болып билік айтқанда, менің Үйсіннің сөзін айтпайтын не кемдігім бар? Құнанбай сөзден тосылып: «Қой асығы қолыңа жақсы сақа тұт, бала да болса ақылы асса аға тұт», - деуші еді, бала сөзіңе қандаым, енді ағалық билігіңді айт!» - деген екен. - Сары табақтан сарқыт қайтар. Билігін маған берсең, бәрін бауырымыа тартпайын. Шу өзенінің сол жағын Үйсін, оң жағасын Арғын жайласын, - деп төрелік айтыпты Әжібек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |