23:17
Шұғылалы шешендік

ЖАСТЫҢ ЖАЙСАҢЫ

Кіші жүз Жарасбай елі Қыпшақ Хангелді батырды өлтіріп, артынан құн даулап неше рет барса да теңдік бермепті. Ол кезде Балабидің шын аты Ыбырай екен. Қыпшақ елі барамыз деп тағы да жиналғанда Ыбырай тілек қылып бірге кетеді. Жарасбай елінің Ысмайыл деген егде тартқан қарт биі жұртты сөзден тосып, теңдік бермей жүреді. Ел тағы да сол Ысмайылды алдырыпты. Бас қосқан кезде екі жағынан да үш адамнан шығыпты. Қыпшақ жағынан үштің бірі болып бала Ыбырай шығады. Баланы көріп қарт би былай дейді:

«Баланы мұнда неге әкелдіңдер? Бұл келіннің тойы, кемпірдің өлімі емес, ердің құнын, нардың пұлын даулайтын, үлгілі би, үнемді жүйрік түсетін, ердің арысы, елдің намысы сөз болатын жер емес пе! Түйенің тайлағы, баланың ойнағы ма бұл?!» - дейді.

Сонда Балаби былай деп жауап қайырған екен:

- Үш жүздің баласы бас қосқанда Орманбет би: «Ердің құнын жастың жайсаңы даулайды, кәрінің сайтаны даулайды», - деген екен. Қартайғанша дауға араласатын нең бар? – депті.

Қарт сөзден тосылып, құн берген екен. Ыбырай содан былай Балаби атанып кетіпті. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: