10:42 Шұғылалы шешендік | |
БӨКЕННІҢ БІР БИЛІГІ Көрші екі ауылдың арасында үлкен дау туады. Дау иелері бөкен биге барып жүгінеді. Би екі жақтың ауыл басшыларын шақырып, тыңдап былай деген: - Жарлы ауылдың құдығының басында – Астауы бар да денесі жоқ. Азғантай ғана ауылдың Күзеті бар да өресі жоқ Азғантай ғана қойшының Жәбірі бар да төресі жоқ, - дегенде, биге кесім айтып үлгертпей – жәбірленуші ауылдың басшылары: - Би, біз сізден бұрын арамыздағы дауды ризаласып бітіргеміз, енді сіз батаңызды беріңіз, - депті. Сонда Бөкен былай депті: - Тобылғыға жыңғыл жалғадың қызыл деп, Қарағанға қайың жалғадың ұзын деп. Өз-өздіңіз бірлік тауып жатсаңдар, Мен сіздерге неге айтайын бұзыл деп. Сөйтіп қолын жайып батасын берген екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |