11:06 Шұғылалы шешендік | |
БӨКЕН БИДІҢ ТАҚПАҚТАРЫ Жердің көркін көрсеткен обасы мен моласы, Көлдің көркін көрсеткен – қамысы мен қоғасы. Ердің көркін көрсеткен – киізі мен қорасы. Бәйбіше көркін көрсеткен – бес биенің сабасы. Келіннің көркін көрсеткен – әлдилеген баласы. Жігіттің көркін көрсеткен – түлкі ішіктің жағасы, Қыздың көркін көрсеткен – алдында өскен ағасы. Аттың көркін көрсеткен – айыл-тұрман, тағасы, Жылқының көркін көрсеткен – тай-құлынның аласы. Елдің көркін көрсеткен – көшіп-қонған даласы. Өтірік десең осылар – далаға шығып қарашы! Кім айтты деп сұрасаң – Бәйіш деген ағасы. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |