11:06
Шұғылалы шешендік

ШОҢ БИДІҢ ТІЛЕНШІНІҢ БАЛАЛАРЫН СЫНАУЫ    

Шоң би Тіленші өлгеннен кейін орнына дұға оқып қайтайын деп жанына ел жақсыларын ертіп барыпты. Тіленшінікі бірнеше күн Шоңды сыйлап, құрметтеп, күтіп, сонша жақсы ниет көрсеткен. Шоң жүретін күні қоштасуға Тіленшінің балалары Тоқсанбайды, Бердібайды, Қойшыбайды және Бұзаубайды шақыртады. Барлығын көріп сынп, ішінен «Тіленшінің орнын басады-ау!» дегені болмаған соң, «бұлардан басқа мен көрмеген баласы бар ма?»  деп сұрайды. Үй іші Алшынбай деген бір таз баласы бар, жылқы бағып жүр дейді.

- Ендеше, соны шақырыңдар? – дейді Шоң.

Жылқы ауылға таңертең келе жатқанда, алдынан кісі барып алшынбайды алқа-салқа, күпісінің жеңін беліне ораған күйінше Шоңға алып келеді. Үйге кірген соң, алшынбай түрегеп тұрып Шоңға сәлем береді. Сонда Шоң:

- Бәсе, ағамның орнын ұстайтын баласы жаңа келді ғой, - деп қуанып, оң тізесінен орын береді. Өзі қайтқанша қасынан жібермей, көп әңгіме, ақыл айтып:

- Бұдан былай ағамның орнына сен би болып, ел басқар! – деп тілек білдіреді.

Шоң аулына қайтарда Алшынбай бір қаранармен, бір үлкен қара кілемді сыйға тартып ұсынғанда, Шоң:

- «Мен ағамның баласынан сый алайын» деп келгенім жоқ, - деп сыйын алмай, атына мініп, ауыл-үй адамдарымен Айыркезеңде қоштасыпты. Алшынбай Айыркезеңге дейін шығарып салыпты. Дәл кезең үстінде тұрып:

- Ау, қарағым алшынбай! Тіленші ағамның жолын ұста, бақытың зорая берсін, жасың ұзақ болсын. Ал менің алған сыйлығым: осы Айыркезең әр уақытта есіңде болсын! – депті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: