00:29
Шұғылалы шешендік

АСАУБАЙ ШЕШЕН       

Асаубай өзінің шешендігін дау кезінде ерекше танытқан. Мысалы, Керей-Уақпен жер үшін дауласып жүріп, Жәңгір ханның немересі Ахмет төреге барады да, сөйлей жөнеледі.

Сона Кәдірбек деген кісі:

- Осы қудың сөзін қойшы, - дейді.

Асаубай оған шұқшия қарап:

Қу болам аспанға ұшармын,

Борпылдақты бауырыма қысармын.

Күллі Керей-уақты жиып алып,

Дәл төбелеріңе саңғытамын.

Сен қанша Ахмет төреге телінсең де

Жәмила өлген шоқты аларсың.

Ахметтің атасы Жәңгір ханға барсаң да

Осыдан артық боқты аларсың, -

депті.

Сонда Ахмет:

- Асаубайдың төресі төре, болсын, - деген екен. Асаубай Борпылдақты, Керей-Уақ Жәмила өлген шоқты алыпты. Осы төрелігінен кейін Асаубайды Ахмет қонақ етіп күтеді де, ол қайтарда бір жігітіне: «Олжасына ана кәрі түйені бер», - деп тапсырып, шешен не айтар екен деп өзі қораның ішінде бой тасалап, тыңдап тұрады.

Сонда Асаубай түйенің алдына шығып:

Ассалаумағалейкум, түйем,

Ерте тұрып өремісің?

Көп жасаған жануар екенсің,

Кенесары – Наурызбайды білемісің? –

дейді де, біраз уақыт тұрып, түйе болып, жауап қайырып:

Уаликумассалам, балам,

Ерте тұрып өремін,

Өзім барып келемін.

Мына тұрған Кенеары – Наурызбай түгіл,

Арғы атасы Абылайды да білемін, -

дейді.

Бұл сөзді естігеннен кейін Ахмет төре Асаубайды қайта қондырып, ертеңінде аттанарда оған бір жорға атты олжаға беріпті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 45 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: