00:19
Шұғылалы шешендік

АСАУБАЙ ШЕШЕН       

Асаубай шешенді кезінде Сарыарқа жұрты қадірлеп, оның інжу-маржандай асыл сөздеріне үнемі құлақ салған. Ол 1805 жылы Ерейментау деген жерде дүниеге келген. Әкесінің аты Айдапсал екен. Шешеннің арғы атасы Теңізбай Күрлеуіт руынан, күрлеуіт атақты Қанжығалының бір баласы.

Асаубайдың шаруасы ортадан аспаған. Оған небары жиырма-отыз жылқы, он-он бес түйе, жиырма-отыз сиыр, жүзге тарта қой-ешкі біткен көрінеді. Ол байлықтан гөрі сөз қуған адам болған. Асаубай тілі нәрлі, суырыпсалма ақын әрі шешен болғасын ел аралауды машықтаған. Жігіт ағасы болған шағында ел арасының дауына араласып, кедейлердің сөзін сөйлеген, би-болыстардың надандықтары мен озбырлықтарын тура беттеріне айтқан. Мәселен, Асаубай шешен қыпшақ Әлім болысты қатты сынап, өзінің көздеген мақсатына жеткен екен.

Бір күні Әлім аулының жақсылары болыстың үйінде жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанда, Асаубай кіріп келіп, сәлем береді. Сонда болыс:

- Заржақ, асаубай, сөйле! – дейді.

Асаубай тұрып:

- Ел аман ба? – депті.

Әлім болыс:

- Жау шапқан жоқ, - деген екен.

Сонда Асаубай:

Сен білмесең мен айтайын,

Кенесары хан шығып,

Екі шапқан еліңді,

Кептірмеген теріңді.

Дабыл қағып сансыз қол,

Қиып кеткен желіңді,

Өлтіріп кеткен еріңді.

Балам Қыпшақ, құтырман,

Жерің бар ма сенімді?

Мұнан да артық сөйлермін,

Сау қылса Алла тілімді.

Болыстығыңды бұттама,

Неғыламын шеніңді.

Маған дүре соқпайсың,

Міндет қылма шеніңді.

Жібермеймін кегімді,

Екі жылқым дауына,

Өзім келдім бітуге.

Теңдік алмай кетпеймін,

Әкел кәне менімен,

Айтысатын бегіңді, -

депті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 40 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: