15:53
Саулық кілті

АШЫҒУ

Ашығу – ғылым. Сондықтан оны білу керек. Білу үшін оқу керек. Сөйтіп, өзін-өзі ашықтырып емдейтін адамдар да молая түсуде. «Салауатты өмір сүріп, дұрыс тамақтана білсе, аз уақт ашығуға сенемін», - дейді екен П.Брэгг. білікті адамдардың көпшілігі аз уақыт ашығу көбірек пайдалы деп санайды.

Мүшелердің ғажабы – екі бүйректің әрқайсысында миллондаған пайдалы қызмет істейтін сүзгілер бар. Дене ашыққанда бүйрек уларды сыртқа шығарады. Барлық тіршілік қуаты және сезім энергиясы мүлтіксіз жұмыс істейді. Өйткені олар асты шайнап, қорытып, сіңіруден дамылдап жатыр. Тіршілік қуаты уды бүйрек арқылы шайын шығара бастағанда көңіл күйіңіз жақсарғанын байқайсыз.

Бір тәулік ашығып-ақ денені тазартуға болатындығын түсінгеннің өзі маңызды. Ашығу кезінде адамгершілік рухыңды жоғары сақтап, аурудан ада болған қартаймайтын, шаршап шалдығуды білмейтін дене жасадық. Өзіңді-өзің есіркеушілік пен басқа да құты қашқан көңіл-күйден құтылдық. Ашыққан кезде күн сайын қайталап оқы:

  • мен бүгін денемді табиғат қолына тапсырдым. Мен ішкі тазару мен жаңаруды Алладан өтінемін;
  • ашыққан әр минут сайын қауіпті уларды денеден қуып тастаймын. Ашыққан сағат сайын бақытқа бөлене беремін;
  • сағат сайын денем өзін-өзі тазарта алады;
  • ашыққанда мен адамзаттың ұлы ұстаздарының ғасырлар бойы пайдаланған физикалық рухани және ақыл-ойдың тазалануын іске асыратын әдістерінен тәлім алдым;
  • мен ашыққанда өзімнің хал-жайымды толық билеп бақылай аламын. Ешқандай жалған сезім ашығуыма тосқауыл бола алмайды. Мен табиғат күшіне сенемін. Сондықтан ашығуды да табысты аяқтай аламын.

Осындай сөйлемдерді қайталаумен дененің әрбір жасушасын басқара аласың. Басқару – түйсік арқылы жүргізіледі. Біз сондықтан тағы да қайталап айтамыз: ашығу туралы пікірді достарыңмен де, туыстарыңмен де талқыламауға шақырамыз. Ашығу әркімнің жеке басының ісі. Денеден у шығып жатқан кезде өзіңді қолайсыз сезінетінің де болады. Сол кезде әлгі сөздерді қайталап оқысаң «барлығы сәтті өтеді».

Ашығуға жаттығу. Кімге ашығуға болмайды? Егер адам дербес жолмен ашығамын деп шешсе, оны неден бастау керек? Кез келген теориялық дайындықтан бастауы керек. Адам өзі шұғылданғысы келіп қызыққан затты білу үшін ол жөнінде ақпарат алуы тиіс. Ашығу туралы ғылымның ірі білімпазы Г.А.Войтовичтен үйде жатып ешкімнің көмегінсіз ашығуға бола деп сұрағанда: «Өткен заман өркениетінде аурухана болмаған. Сондықтан жалпы емдеу үй тұрмысында жүргізілді», - деген. Ашығып емделуге болмайтын аурулар бар ма? Медицина практикасына сүйенсек, мынадай жағдайларда: екіқабат әйелдер екінші кезеңінде және омырауда баласы болса, туберкулез, зиянды ісік ауруы, сондай-ақ қанның зиянды науқасқа шауып, асқынып, төсек тартып жатып қалған кезеңдерде ашығуға болмайды.

Ашығудан шығу жолы. Ашығып біткеннен кейін бір шайнам нанның қатты қабығына сарымсақтың бір бөлігін алып, жақсылап үйке, сосын шайнап-шайнап ауызыңда суға айналған соң түкіріп, төгіп таста. Енді үккен сәбіз бен туралған қырыққабат жапырағын буға ұстап пісір. Піскен соң лимон мен апельсиннің бірінің шырынын қысып, бір қасық толғанда әлгі піскен салатпен араластырып же. Екінші кезекте суға қайнатылған көкөніс же. Ол бұқтырылған томат болса да болады. Осыдан былай тамағыңа тұз салғызбауды ұмытпа. Оныңы орнына сарымсақ ұсақтап қос. Ауыз ашарға сәйкестіріп бидайды жуып, тазалап, күн түсетін жылы жерге қойып қойсаң, 2-3 күнде көгеріп, өне бастайды. Дәл осы кезде ет үккіштен өткізіп, көже істеп ішсең, жел-құзы бар адамдарға таптырмайтын тағам. Бұқтырылған қызанақты ақ нансыз жесең қышқылданбайды. Ерекше ескеретін нәрсе: ашығудан шығуда немесе ауыз ашқанда ет, май, балық, сүт, жаңғақ, жеміс тұқымдары, сыр (ірімшік), жұмыртқа жеуге болмайды. Екінші күннен бастап жаңғақ, жеміс-жидек жеуге болады. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 251 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: