09:12 Сөз-сөйлеу сырлары | |
ИГЕРУ КЕРЕК ҚАБІЛЕТТЕР 1. Пауза Кез келген оратордың сахнадағы өнері паузамен басталуы тиіс. Сахнаға шыға салысымен, ентігіп, сөз бастап кетпеңіз. Кідіріс бірнеше секунд немесе минутқа созылса да, залдағы халық түгел тынышталып, назарын толықтай сізге аударғанын күтіңіз. Көпшілікті көзбен бір шолып шығып, бір адамға тоқталып барып, сөзіңізді бастаңыз. Пауза сөздің басында немесе ортасында болғаны абзал. Соңында пауза ұстасаң, Халық сөз бітті деп қол соғып тыңдамай кетеді. 2. Кіріспе сөз Қазақ халқының шешендері сөз бастаудың қиын екендігін айтап кеткен, бірақ «көз қорқақ – қол батыр» екендігін есте ұстаймыз. Ең алғашқы сөзіңіз халықты елең еткізіп, назарын аударатындай болсын. Алғашқы сөз – телевидение саласы мамандарының тілінде айтсақ, сіздің «прайм-тайм» кезеңіңіз. Халық арығарай сізді тыңдай ма, тыңдағысы келмей ме, осы жерде шешіледі. Шешен сөйлеудің жөні осы екен деп, теңеу, метафоралар мен көркем сөздерді тізіп тұрмай, қызықты статистика немесе оқиғадан бастаңыз. 3. Сырт келбетіңізге мән беріңіз Сыртқы келбетіңіз бен сөйлейтін сөзіңіз сәйкес болсын. Жұрттың назарын сөзге емес, киімге аударып тұратын жылтырақ зат пен артық аксессуардан арылыңыз. Дегенмен сізді ерекше ететін стиліңіз бен дүниеңіз болса, мархабат. Өткен дәуірлерде әр оратордың өзіне тән ерекше дүниесі болған: Линкольннің цилиндрі, Черчилльдің сигарасы, Сталиннің түтікшесі, т.б. 4. «Түйін сөз» Сіз мәтін даярлап, сөзіңізді жаттамастан бұрын жеткізетін ойыңыз бен идеяңызды анықтап алғаныңыз дұрыс. Түйін сөзді аудиторияда отырған әрбір адам ұғып шығуы тиіс. 5. Қысқа да нұсқа сөйлеңіз «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» дейді халық мақалы. Бір сөзді бірнеше рет қайталап, көбірек айтсақ, түсініктірек болады деп ойласаңыз, қателесесіз. Тыңдарманыңызды жалықтырмаңыз, таң қалдырыңыз. Барынша образды түрде, қысқа сөйлеуге тырысыңыз. Екі ауыз сөз айтсаңыз да, халықтың жүрегіне жететіндей, әсерлі айта біліңіз. 6. Нақыл сөздер Сөйлейтін сөзіңіздің үстінен дөп түсетін атақты ададмардың нақыл сөздері де керемет нәтижеге жеткізері анық. Нақыл сөз ел аузында жүрген емес, әйгілі кісінікі болса, сізді де сондай дәрежеге жеткізуі мүмкін. Десе де, мағынасы мен мәнін зерделеп, орнымен қолдана біліңіз. Нақыл сөзді тілге тиек етпес бұрын, қысқа ғана пауза жасап, халықтың назарын ұстап алыңыз. Сонда сөзіңіз өтімдірек болады. 7. Ерекше статистика немесе қызықты оқиға Публиканың есінде қалатындай, сезімдеріне әсер ететіндей ерекше статистика тауып алыңыз. «Көптеген, бірнеше, ондаған, мыңдаған» деген сөздердің орнына нақты цифрлар мен даталарды келтірсеңіз, халық сөзсіз құлақ түреді. 8. Слайд немесе өзге де көрнекі құралдар Көрнекіліктер мен техника – сіздің сөзіңіздің орнын басатын емес, оған кішкене бояу мен рең беретін, Толықтыратын құрал болсын. Уинстон Черчилль РowerPoint-ты таныстыру үшін презентация пайдаланған жоқ, Наполеон көрерменнің алдында сурет салған жоқ. Нағыз оратор ешқандай көрнекі құралдарының қызыл тіл мен харизманың орын ештеңе бас алмайтынын жадында ұстағаны абзал. 9. Сұрақ-жауап Көптеген ораторлар көпшіліктің назарын ұстап тұру үшін сұрақ қойып отыратыны белгілі. Осы орайда есіңізде болсын: өзіңіз жауабын білмейтін сұрақты еш уақытта публикаға қоймаңыз. 10. Қорытынды Сөзіңізді тиянақты қорытындылаңыз. Интонацияңыз бен сөздеріңіз сай келіп, айтамын деген ойыңызды толық жеткізіп, алғыспен аяқтаңыз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
