09:13
Сөз-сөйлеу сырлары

«ЖАҚСЫ ОРАТОРДЫҢ ТҰТАС ДЕНЕСІ СӨЙЛЕЙДІ»

(Жестикуляция)

Даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров ағамыз жастармен өткен кездесуінде Олимпиадалық ойындарға жолдама алу үшін қалай еңбек еткенін, қаншама тер төгіп, Кеңес Одағындағы саяси қысымдар мен қиянат көріп жаттаққанын айтты. Дінмұхамед Қонаев сияқты тұлғалардың септігімен араға уақыт салып спортқа қайта оралғанын, мәскеу Олимпиадасында аяғын жарақаттап алса да жанкештілікпен алтын медальға қол жеткізгенімен бөлісті. Сөз арасында:

  • Ал сіздер мақсатқа жету жолында қандай еңбек еттіңіздер?
  • Сол жолда қандай кедергілерге тап болдыңыздар? Кедергі кездескен кезде қандай сезімде болдыңыздар?
  • Кедергілермен қалай күрестіңіздер, әлде тез беріліп қойдыңыздар ма?
  • Бұл оқиғадан өзіңізге қандай сабақ алдыңыз?
  • Мақсатыңызға қол жеткізген кезде қандай сезімде болдыңыз?

деген секілді сұрақтар қоя отырып, әңгімесін өрбітті.

Спортшы өзінің оқиғасын ортақ оқиғаға айналдыра білді. Себебі оның мақсаты – тек сөйлеп шығып кету емес, халықты рухтандыру, жігерлендіру болатын. Әр сөзінен кейін, кідіріп, сұрақ қойып, халықтың пікірін сұрап, өзінің әрекетін айтып, тыңдаушылардың назарын ұстап отырды.

Сіз де, қадірлі оқырман, оқиға желісін сұрақпен байланыстырып отырыңыз. Тыңдаушы сізді ұйып тыңдап отырып, өзінің де өмірінде болған оқиғаларды есіне алып, сізбен эмоционалды байланыста отырады. Сіздің сахнадағы сөзіңізден ұмытылмас керемет әсер алып шығады.

Егер сіз бір тренинг өткізіп жүрген болсаңыз, ұстаз болсаңыз, мемлекеттік қызметкер болсаңыз, жалпы халықтың алдына шығып жүрген адам болсаңыз, «мен үйретемін», «мен түсіндіремін» деген сөздерді қолданбағаныңыз жөн. Бұл тыңдаушы мен сіздің араңызға бөгет қоятын сөз. Адамның ішкі амбициясы болады, ішкі тәкаппарлығы болады. Кейбір тыңдаушыда «Бізге үйрететіндей кім ол соншалықты?» деген ой туындауы мүмкін немесе аудиторияда жасы сізден үлкен кісі болса, оның да нәпсісіне жақпай қалуы ықтимал. Бізге бір адамның болсын ішінде ондай ой туғызбау керек. Бізге бір адамның болсын ішінде ондай ой туғызбау керек. Оның орнына «Біз осы кездесу барысында үйренетін боламыз», «Біз сіздермен бірге отырып, осы сұрақтардың жауабын іздейтін боламыз» деген сөздерді қолдану арқылы тыңдаушымен бір толқында болыңыз. Сіз бен тыңдаушының арасында аса үлкен айырмашылық жоқ екенін білсін. Кейбір адамдар өзінің табысын айтады, өзінің сондай олжалы адам екенін өзінің табысын айтады, өзінің сондай олжалы адам екенін айтады. Залда отырған адамдар «бұл кісіге жету қайда?» деп арманынан қол үзе бастауы мүмкін, ішкі мотивациясын жоғалтып жатады. Ал халық сіздің де қарапайым адам екеніңізді, сіздің де қателесетініңізді білсін. Ел сахнада роботты көргісі келмейді. Қандай керемет болса да, роботқа ең ұзағы 2 минут қарарсыз, оындыққа отырып-отырып 1 сағат қарарсыз, соңында ішіңіз пысады ғой. Сіз де сахнада шатасыңыз, қателесіңіз. Барлығы табиғи болса, халық сізбен бірге болады.

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: