10:39
Сөз-сөйлеу сырлары

ДАУЫС пен ДИКЦИЯНЫ ҚОЙЫП АЛАЙЫҚ

«Бокстың королі» - Мұхаммед Әли қалтасына үнемі сіріңке салып жүреді» деген қызықты ақпаратты естіген боларсыз. Себебін сұрағандарға: «Кез келген күнәлі істі жасамас бұрын алдымен сіріңкені жағып көремін, қолым оттың қызуына шыдаса, онда әрі қарай жасай берем, ал егер шыдамаса, күнәлі істі жасауды тоқтатамын, яғни нәпсімді тізгіндеймін» деген екен. Тозақ пен жұмақты есіне алып, алда есеп-қисаптың барын біліп тұр ғой. Сіз де сіріңкемен дос болыңыз... Бірақ Мұхаммед Әли сияқты қолды күйдіру үшін емес, қандай да бір ортаға шақырса, кездесу болсын, сұхбат болсын, үнемі осы сіріңкенің көмегін пайдаланады. Үйінен шыққаннан интервьюге немесе кездесуге жеткенінше оның тісінде осы сіріңке болады. Діттеген жерге жеткенше жаңылтпаштар айтып, поэзиядан үзінділер оқып баруға тырысады. Сұхбат беретін сәтте немесе сахнаға шығар уақыт таяғанда алып тастайды. З – з, с – с, р – р болып әр дыбыс анық шығады. Демек, сіріңке – іштен шыққан дыбыстың ешқандай кедергісіз шығуына, анық естілуіне көмектесетін ең қарапайым, нәтижесі бар тәсіл.

Сіз де дәл қазір сіріңкені тістеп сөйлеп көріңіз немесе осы кітаптың бірнеше бетін дауыстап оқып шығыңыз. Сіріңкені алған соң дыбыстардың анық шыққанын байқайсыз. Иә, дыбыстың анық шығуына байланысты бірнеше жаттығу түрі бар. Бірақ ол қолжетімді, ең оңай жүзеге асатын тәсілдің бірін ғана жазып отыр.

Сізге өздері практикада қолданып, жемісін көрген дыбысқа қатысты жаттығуларды ұсына кетуді жөн көрді:

  • Құлаққа құлаққап киіп жүру. Қалаған әніңіз немесе подкастты қосып, жүгіріп жүріп бірге қайталау қажет. Жүгірген кездегі ентігу сіздің сөйлеу және тыныс алу аппаратыңызға қосымша қиындық туындатады. Сол арқылы таза дикцияға бір қадам жақындайсыз.
  • Егер сіз сөйлеген кезде тоқтап қалу, дыбыстарды анық айта алмау мәселесі болса, әр күн сайын ұнаған кітабыңыздың, газет-журналдағы қызықты ақпарттың 1-2 бетін көшіріп жазыңыз. Адам көшіргенде іштей бірден қайталап оқу процесі жүреді. Осылай тек ойша ғана емес, шын өмірде сөйлеу барысында да бұл мәселеден құтылады. Сондай-ақ, қаламмен жазу ұсақ моториканы дамытады, сөздердің дұрыс айтылу формасы мида жаңа нейрондар жүйесін қалыптастырады. Бұл өз кезегінде сөздің толық, дыбыстың анық шығуын қадағалайды.

 

Тапсырма

Дауыспен жұмыс істеу үшін тағы да телефонның көмегіне жүгінеміз:

  • Бір жаңылтпаш оқып, видеоға түсіріңіз.
  • Сол жаңылтпашты аузыңызға сіріңке салып, бірнеше рет қайталаңыз.
  • Сіріңкені алып тастап, тағы да видеоға қарап айтып көріңіз.
  • Екі видеоны салыстырып көріңіз, даусыңыз анық, дикцияңыз таза шыққанға дейін бірнеше рет қайталаңыз.
  • Жаңылтпашты жаттау қиынға соғып жатса, қойын дәптеріңізге жазып, қайталап жүріңіз.
  • Жоғарыда айтылған жаттығуларды күнделікті қайталауды әдетке айналдырыңыз.
  • Тапсырма үшін берілген бетке қайталайтын дыбыстар мен буындарды ретімен жазып алыңыз, қайталауға оңай болады, әрі мида жақсы сақталады. 

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 20 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: