15:59 Сөз-сөйлеу сырлары | |
ДАУЫС пен ДИКЦИЯНЫ ҚОЙЫП АЛАЙЫҚ Кей адамдар өз даусының мінін, кем-кетігін байқамауы мүмкін. Бала күнінен құлағы үйреніп қалғандықтан, кейбір ерсі естілетін дыбыстары қалыпты жағдай секілді қабылданады. Ал оның бар екенін өзге адамдар аңғармайды, тек шынайы маман байқай алады. Сол бала кезден қалыптасқан дыбыстың дұрыс шықпауын түзетуге әбден болады. Тіпті қазір қоғамда дыбыстың дұрыс шықпауын да түлетіп беретін логопед-дефектолог деген мамандық бар. Сөзді анық та нақты сөйлеу үшін, бәріміз қазақ тілі пәнінен оқыған, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айта білу керек. Сөйлеуге қызмет ететін аппарат арқылы әртүрлі дыбыстау қозғалыс орнын артикуляция дейміз. Диафрагмалық тыныс алуда (ішпен дем алу) дем сыртқа шығады, сол сәтте әрбір дыбыстың өз қимылы, ариткуляциясы болады. Яғни, дем алғанда кеудені ауамен толтырып, диафрагмамызды тартамыз, сонда ауа көп болып толады. Кеудемен алынған демді ұстап тұрамыз да, диафрагмалық демді қысқа, төменгі дауысты дыбыстар У, Ы, И, О, Э, А арқылы шығарамыз. Демді сыртқа әр дауысты дыбыспен шығаруды бірнеше рет жасаған соң, өкпедегі қалған демді дауыссыз дыбыстың бірімен (Х, Ф, С, Ш, Щ) шығару керек. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дәл айтсақ, дұрыс дем алып үйренесіз. Даусыңыз жақсы болу үшін бірнеше артикуляциялық ерін жаттығуларын назарыңызға ұсынамыз:
Сондай-ақ, тілге арналған жаттығулар да бар:
Таза дикцияға ие болудың көпке танылған жолы – жаңылтпаш айту. Иә, оңай жол емес, бірақ пайдасы мол. Егер үзбей дайындалса, нәтижені үшінші күннен бастап көруге болады. Тек ол үшін жаңылтпашты қатты дауыспен, жаңылмай айтқанша дайындалу қажет. Артикуляциялық жаттығуларды да жаңылпаштар айту арқылы толықтыруға болады. Қысқа жаңылтпаштар диафрагмалық деммен, ал ұзын жаңылтпаштар тілдің нығайып, ыңғайға тез көнуіне көмегі тиеді. Жаңылпаштың екі түрі бар:
Жаңылтпашты бірден тез айтуға тырыспаңыз. Алдымен жай темппен, буындарға бөліп оқыңыз, кейін орташа темппен, одан соң жылдам темп. Және әртүрлі интонациямен, қозғалыста (секіріп, билеп) айту нәтижелі болады. Кейбір адамдар аузына жаңғақ толтырып алып сөйлеп жатады. Ол инстаграм парақшасында «Жандарбектен жаңылтпаш» деген жоба бастаған болатын. Әлдекімдер ойлағандай іш пысқаннан немесе еріккеннен туындаған жоба емес. Жаңылтпаш әрбір дыбыстың анық шығуына орасан зор пайдасын тигізеді. Және «басқалар айтқан жаңылпашты мен неге айта алмаймын» деген мотивация пайда болады. Немесе ертең үлкен өмірге қадам басқан кезде, бүгін өмірде жаңылтпаш айта алмай тіліңнен сүрініп жатсаң, ертең тізеңнен сүрінетін кез келеді, тізеңнен қағатын адамдар болады. Сол кезде сүрінген жеріңнен тоқтап қалмай, әрі қарай қиылдау, әрмен қарай әрекет ету, мақсатқа қол жеткізуге тырысу – осыны ерте бастан бала бойында қалыптастыруға мүмкіндік береді. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |