22:44 Сөз-сөйлеу сырлары | |
АУДИТОРИЯНЫ ИГЕРУ. ХАЛЫҚ НАЗАРЫН ҰСТАП ТҰРУ ҚҰПИЯСЫ «Дана» боп көрінуді көдеп алған, Адам боп көбік ауыз езбе болған. Көк мылжыңның тағдырын берме, Құдай, Сөз қалдырам деп жүріп, сөзге қалған. Мыналарды еске түсірейік:
Біздің аузымыздан шыққан қандай ақпарат болса да, адамдар оны үш түрлі каналмен есте сақтайды:
Сөйлемес бұрын осы үш пункттың қайсысына мұқият дайындалу керек десеңіз, адамдардың басым бөлігі «не айтатыныңа қара» дейді, яғни айтатын мәтінге көбірек көңіл бөледі. Әрине, бұл дұрыс пікір. Бірақ сіздің не айтып тұрғаныңыз адамдарға небәрі 7% әсер етеді. Қалай айтып тұрғаныңыз, дауыс интонацияңыз аудиторияға 38% әсер етеді. Ал өзіңізді қалай ұстап тұрғаныңыз 55% әсер етеді. Егер әңгімеңіз қызықты болып, өзіңізді ұстауыңыз нашар болса, қол, мимика, дауыс ырғағы – іс-әрекеттердің барлығы қосылмаса, аудиторияға бар болғаны 7% ғана әсер ете аласыз. Бұл статистика қайдан шықты? Мысалы, жиналыстарда мінберде сөйлеп тұрған адамды көрсек, қатысқымыз келмейді, ішіміз пысады да, телефон шұқылауға кірісеміз. Біз мінбер артында тұрған адамдардың сөйлеп тұрған басын ғана көреміз. Оның көзқарасы төмен, жаттанды сөзді оқып тұрады. Ал біздің көзіміз тікелей контактыға, қимыл-қозғалысқа, жаңашылдыққа үйреніп қалған. Сіздің әңгімеңіз қызықты болғанымен, сіздің қимылсыз тұлғаңызға ұзақ қарап отыру адамдарды жалықтырады. Себебі адам баласы ең жылдам дегенде минутына 400-ден астам сөзді қабылдап, қорытуға дайын екенін ұмытпаңыз. Сондықтан адамдар жиналыста спикерді тыңдаған кезде басқа да мәселелерін ойлап отыра беруі мүмкін. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |