23:13
Сөз-сөйлеу сырлары

АУДИТОРИЯ АЛДЫНДАҒЫ ҚОРҚЫНЫШТЫ ЖЕҢУДІҢ НАҚТЫ 3 ЖОЛЫ

Көпшіліктің алдында сынға ұшыраудан қорқу, күлкі болудан қорқу, жұрттың пікіріне тәуелді болу – осылардың барлығы сөйлеу алдында қобалжу тудырады. Сынның өзі екі түрлі болады: ішкі критика және сыртқы критика. Сыртқы критикадан қашып құтыла алмасымыз анық: аудиторияға қанша адам жиналса, сонша пікір болады және жұрттың бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Кез келген аудитория үш лагерьге бөлініп кетеді:

  • Сіздің позицияңызды, жеке басыңызды жақтаушы топ;
  • Сіздің позицияңызды да, жеке басыңызды да даттаушы топ;
  • Нейтрал топ: сіздің идеяңызды тыңдайды, бірақ көзқарас екіжақты. Бұл топ сіздің идеяңызды қолдап, позицияңызды жақтауға әзір, тек нақты аргументтер мен фактілер керек.

«Жұрттың барлығын риза қылмамын, бәрінің көңілінен шығамын» деген миссияны мойнына алып қалған адам өмірі уайымнан арылмайды. Аудиторияда он адам отырса, оның сегізі риза болуы мүмкін, екеуі риза болмаса, өзіңізді жегідей жеудің қажеті жоқ. Сондықтан процентке шағып көріңіз: егер он адам отырып, сегізіне ұнамаса, онда әлде де өзіңізбен жұмыс істеу керек. Ал екі адам кереғар пікір айтып жатса, қалыпты жағдай.

Маркетинг саласында жүрген менеджерлердің ұстанатын тағы пікіріне мән беріңізші. Егер сіз ұсынған жарнама мен сөзіңізді аудитория кеңінен талқылап, біреу сыни пікір айтып, біреу мақтап жатпаса, ол алысқа баратын жарнама емес. Қоғамды орнынан қозғап жіберетіндей сөйлеу керек. Барлық адамның бірдей ойлағаны – ешкімнің ештеңе ойламағаны. Сол себепті адамдардың бәріне ұнаймын деген нәрсені миыңыздан алып тастаңыз.

Уайымды сейілтудің үшінші жолы. Бір басшы келіп: «Сіз жұмыссыз жүр екенсіз, сізге 500 мың теңгелік айлығы бар жұмыс ұсынамын», - деді. Қалай ойлайсыз, осы сөздерді айту барысында бұл басшы уайымдай ма? Уайымдамайды. Себебі ол сізге пайдалы ұсыныс айтып тұр. Керісінше, сіз жұмыс сұрап барсаңыз, уайымдауыңыз мүмкін. Сондықтан егер сөйлейтін сөзіңізге тыңғылықты дайындалсаңыз, дайындаған сөзіңізде, ұсынған жобаңызда пайдалы дүние көп болса, сіздің уайымыңыз да аз болады.

Кішкентай баланың хайуанаттар бағына барып келгенін елестетіп көріңізші. Оның эмоциясына мән беретін болсаңыз: «Мәәә, әкешім, анашым, мен арыстан көрдім!» - деп, сізге өміріңізде ешқашан арыстан көрмегендей сеніммен, ешқандай қорқынышсыз жеткізеді. Себебі бала ерекше бір ақпарат алып кеп тұрғанын біледі. Сол секілді сіздің де ақпаратыңызда бұған дейін ешкім зерттемеген, айтылса да, толық қамтылмай кеткен тың ақпараттар болса, сіз де сенімді сөйлейсіз. Ол сіздің қорқынышыңыздан арылуға септігін тигізеді. Өзіңіз сөйлейтін тақырыпты бұған дейін ешкім зерттемеген қырынан танытуға тырысыңыз.

Қазір әлеуметтік желілерде СММ, копирайтер мамандықтары актуалды, тренд мамандықтар болып кеткені бәрімізге мәлім. Олар әлеуметтік желіде мәтін жазып берумен, парақшаңыздың белсенділігін арттырумен айналысады. «Саудам көз алдымызда құлдырап жатыр, интернет арқылы отырып сатамын. Тікелей эфирге шығуға қорқамын» дейтін кәсіп иелерін курс барысында аз кездестірген жоқпын. Оларға беретін басты тапсырмамыз – бір сағаттық тікелей эфирге шықпас бұрын, 15 секундтық сториста сөйлеп дағдыланыңыз. Ақпарат беруді 15 секундтан бастаңыз. Олардың да қорқатыны: «Менің сөзім көпшілікке ұнамай қала ма?» Сондықтан бастапқыда біреудің сөзімен ақпарат беруге тырысыңыз – біреудің өлеңін оқыңыз, басқа бір тұлғаның пікірін айтып көріңіз. Ол пікір жақсы болсын, жаман болсын, сөз негізгі авторына тиеді. Бірден өз сөзіңмен, авторлық шығармашылығыңмен шықсаң, ұнатпаған халық сынап тастауы мүмкін. Ал тәй-тәй басқан қадамыңызға сыни көзқарас сағыңызды сындырады.

 

Тапсырма

  • Іштегі қорқынышты жеңу үшін ішкі сезімдеріңізді қағазға жазып бастаңыз.
  • Қорқынышыңыз нақты факторларға негізделген шынайы ма әлде ішкі критикадан шыққан сыаушы ма, анықтаңыз.
  • Бір ақынның өлеңін немесе жазушының мәтінін оқып, видеоға жазыңыз.
  • Өміріңіздегі шынайы ең қорқынышты сәтті еске алыңыз.
  • Видеоңызды әлеуметтік желіге жүктеңіз.
  • Физикалық жаттығулар жасап, қорқынышыңызды басып, аз адаммен болса да, инстаграмда тікелей эфирге шығып көріңіз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: