12:00 Сөз-сөйлеу сырлары | |
АУДИТОРИЯ АЛДЫНДАҒЫ ҚОРҚЫНЫШТЫ ЖЕҢУДІҢ НАҚТЫ 3 ЖОЛЫ Ол курс барысында сабаққа қатысушылар арасында сауалнама жүргізді. Шұғыла есімді шәкірті: «Кішкентай кезімде әкемді қараңғыда қарақшылар қоршап тұрғанын көзіммен көрдім. Әкемнің тамағына пышақ тақап тұрған сәтін көргенімде кәдімгідей дірілдедім», - деді. Ол кері сұрақ қойды: «Әкеңе біреудің пышақ тақап тұрғаны қорқынышты болды ма әлде сөйлеу кезінде шатасып қалуың қорқынышты ма?» Салыстырмалы түрде қарасақ, екіншісі өмірде түк емес. Шатасып қалдың деп ешкім оның тілін кескелі жатқан жоқ. Аудиторияға жалпылай сұрақ қойғанында бір жігіт бала кезінде өзін қабаған иттер қуалағанын айтты. Оған да: «Қазір мына аудитория алдына шығып сөйлеген қорқынышты ма әлде бір итті сенің соңыннан бос жібере салған қорқынышты ма? сен бұдан да үлкен қорқыныштан өттің ғой, ол кезде жарылмаған жүрек қазір де жарылып кете қоймас», - деді. Осындай қорқыныштарыңызды есіңізге алыңыз. Салыстырыңыз. Мәтініңізді кіріспе бөлімін жатқа білу де уайымды сейілтудің бір жолы. Себебі ел алдына шыққан сәтте сахнаға бой үйрету, қаумалаған халықтың сізге тесіліп қарап отыруы, жарықтың түсуі – бәрі өзіңізді жайсыз сезінуге себеп болары анық. Осы сәтте кіріспе сөзіңізді, жеткізгіңіз келген негізгі ойды жатқа білсеңіз, әрмен қарай өзіңізді еркін ұстайсыз. «Сыр-сұхбат» бағдарламасын жүргізіп жүрген кезі. Астана қаласының ең үздік мектептерінен белсенді, эфирге шыға алады-ау деген балаларды көрермен ретінде алып келді. Бағдарламаға қонақ боп «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов ағалары келді. Бағдарлама сценарийі бойынша көрермендер арасынан оқушы қыз Сауытбек ағаға сұрақ қою керек болатын. Қолына газетін ұстап: «Сауытбек аға, мен мектептің газетін шығардым, бағасын бересіз бе?» - деп сұрау керек еді. Осы қысқа ғана кадрды 9 дубльмен түсіруге тура келді. Камера қосылып, жарық түскен сәтте жоғары сыныпта оқитын қарындастың тілі күрмелді, біресе мкібіртіктеп қалды, бірде сөзін ұмытып қалды, не керек, айта алмады. Камераны сөндіріп: бір кесе суын беріп, «Қарындасым, уайымдама, бұл тікелей эфир емес. Қорықпай сұрағыңды қоя бер» деп оған ақыл-кеңестерін айтып шаршады. Тоғызыншы сынып оқушысы, кішкентай емес. Қыз бала ғой, қысылып тұрған болар деп, ұлдарға қолқа салып еді, «Біз өзіміз қоятын сұрақты жаттап отырмыз» деп, олар да басын алып қашты. Камера қосылған кезде, өздерін жоғалтып, білгенінен жаңылу біздің балалардың дерті сияқты. Орыстың «Ералашын» көрсең, әлгі Саша мен Паша өмір бойы киноға түсіп жүрген адамдай еркін ойнайды. Балабақшаға барған сәттен бастап олармен ересек адамдарша сөйлесу, олардың пікірімен ешішм қабылданбаса да баланың ойын сұрау орыс ұлтының тәрбиесіндегі озық тұсы ма дерсің. «Үніңді өшір», «Аузыңды жап», «Сен не білесің? Әңгімеге араласпа» деген сөздерден қалыптасқан тәртіп баланы жасық қылуға, өзіндік ойы болса да оны іште сақтауға бейімдейді. Кейбір отбасыларда баланың тілі шығып жатқан кезде үлкендер жағы әртүрлі бейпіл сөздерді айтқызады да, соған мәз болады. Бала мектепке барған кезде де солай сөйлеймін деп ойлайды. Мұғалім сөйлетсін бе, бетінен қағып тастайды. Бала психологиясында «Үйде отырған кезде барлығы қол соғып, мәз болған сөзімді мұнда неге жақтырмайды?» деген сұрақ пайда болады. Айтуға болатын сөз бен тыйым салынған сөздің аражігін ажырата алмай, үндемей-ақ қояйын», - деп ерте шешім шығарады. Ораторлық курстарына қатысқан банк саласында қызмет атқаратын Еркебұлан есімді қызылордалық азаматтың оқиғасы сөзіне дәлел. Қызмет бабында бір саты жоғарылау үшін журналистерге сұхбат беруде қысылатыны әжептәуір кедергі келтіретінін айтты. Бір ай бойы ол кісімен жекелей жұмыс істей отырып, негізгі мәселе оның сөзге шорқақтығында емес, сонау бала күнінде санасына сақталып қалған қорқынышында екенін аңғарды. «Мектепте тақтаға шығып сабақ айтып тұрғанымда бір ыңғайсыз сөз аузымнан шығып кеткенде қып-қызыл болып, жанып кеттім. Мектеп бітіргенімше сабақ айтқан сайын сыныптастарым: «Қазір қызарып кетеді, қараңдар-қараңдар», - деп ду клетіні шығарды. Мерекелік кештерде тілек айтқанда сөз кезегі жақындаған кезде өтірік телефонмен сөйлескен болып, далада жүретінмін», - деп ағынан жарылғанда таңғалды. Көп жағдайда адамның аудиториядан қорқуына өмірде кездесетін осындай оқиғалар әсерін тигізеді. Қортыа келенде, қорқыныш – ағзамыздың жаңа бір оқиғаға жауап қататын қорғаыш реакциясы екен. Біз бойымыздағы потенциалды ашып, жаңа бір өнер үйреніп, жаңа бағытқа қадам жасағанда қорқыныш бізді тоқтатып қалуы мүмкін. Қорқыныштың екі түрі бар деп қарастырсақ: бірі шынайы қорқыныш та, екіншісі жалған қорқыныш. Екеуін қалай ажыратамыз? Шынайы қорқыныш – нақты факторларға негізделген қорқыныш. Ұшақтағы қорқынышы шынайы еді. «Ұшақтың жерге құлауы мүмкін, жерге қона алмауы мүмкін, осы жерде өміріміз бітуі мүмкін» деген ойлар бойында шынайы қорқыныш тудырды. Шынымен де, бұл оқиғаның соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді және бұған нақты факторлар бар: қатты соққан жел, турбулентті аймақ. Ал жалған қорқыныш деп отырғаны – аты айтып тұрғандай, алдын-ала болмаған нәрседен қорқу. «Сөзімді ұмытып қалсам қайтемін?», «Залдағылар тыңдамай қойса қайтемін?», «Сахнаға шығарда шалынып-сүрініп құлап қалсам қайтемін?» деген сияқты әлі жүзеге аспаған қорқыныштарды алдын-ала ойлау арқылы адамның өзін-өзі тежеуі. Бұл сізге зиян әкелетін қорқыныш. Сізді қорғауға талпынады, бірақ соңы жақсылықпен аяқталмауы мүмкін. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |